Жанар Жүсіпова
Мәдениет • 06 Қараша, 2025
Жер аяғы кеңіп, судың тартылғандығы туралы қуанышты хабарды Нұх пайғамбардың кемесіне көгершін жеткізген көрінеді. Біздің де кемедей еліміз жаңа астана іздеп тарих толқынында қайраңдаған кезінде өзінің алғашқы көгершіндерін жіберді. Олардың ішінде қазіргі Елордамыздың мәдениетін көтеруге ерекше еңбек еткен өнерпаздар бар еді. Олар – күйші Анар Мұздаханова мен қобызшы Жанар Жүсіпова.