ЖИ қолдану
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Енді мүгедектікті анықтау үшін ЖИ қолданылуы мүмкін
Мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу барысында қолданылатын жасанды интеллект (ЖИ) моделін әзірлеу жұмысын – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізіп жатыр. ЖИ енгізу рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады, деп хабарлайды Egemen.kz.