Ерлан Әбдиев
Парламент • 18 Тамыз, 2025
Мәжіліс депутаты балаларға арналған оңалту орталығының құрылысын тексерді
Түркістан облысының Сауран ауданына қарасты Ораңғай ауылында психоневрологиялық аурулары бар балаларға арналған 50 орындық оңалту орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Әбдиев Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан нысанның құрылыс жұмысымен танысты. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.