Елімай командасы
Спорт • Бүгін, 18:32
«Елімай» футбол клубы жаңа маусымға дайындығын таныстырды
Семей қаласында «Елімай» футбол клубының 2026 жылғы маусымының ресми таныстырылымы болды. Іс-шара аясында клубтың негізгі құрамы, әйелдер командасы, футбол орталығының тәрбиеленушілері, жаттықтырушылар штабы, сондай-ақ 2026 жылғы маусымға арналған жаңа ойын және жаттығу формалары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz