ЕЭҚ
Қазақстан • 03 Шілде, 2025
Отандық өндірушілерге ұлттық режим беріледі
Биыл 1 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында мемлекеттік сатып алулар мақсатында тауарлардың шыққан елін анықтау қағидаларына 11-қосымшасын алты жаңа тауар позициясымен – медициналық және химиялық бұйымдармен толықтыру туралы шешім мақұлданды. Бұл шешім – Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) тауарлары ретінде танылатын өнімдер тізбесін кеңейтуге және тиісінше, Одақтың барлық мүше мемлекеттерінің аумағында мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезінде оларға ұлттық режим беру мақсатында қабылданды. Бұл тауарлар шыққан елін растайтын СТ-1 сертификаты болған жағдайда ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қатыса алады, деп хабарлайды Egemen.kz.