Дөрекілік
Мәдениет • 13 Қазан, 2025
Мәдениет – күрделі де ауқымды ұғым. Оны әртүрлі мағынада қолдануға болады. Біз мәдениеттің күнделікті өміріміздің айнымас бөлшегі екенін, ол біздің ойымыздан, іс-әрекетімізден, қарым-қатынасымыздан көрініс табатынын жақсы білеміз. Бірақ мәдениетті білу бір басқа да, мәдениетті болу мүлде басқа. Сол себепті үшбу мақаламызда келесі сауалдарға жауап іздесек дейміз: мәдениет адамға не үшін керек, зиялылық қандай жағдайда қалыптасады, мәдениет пен оспадарлық арасындағы еркіндік пен жауапкершілік қандай?