Дала күні
Шаруашылық • 20 Маусым, 2025
Дала күнінде көміртекті және органикалық егіншілікті дамыту мәселелері талқыланды
Алматы облысының Қарасай ауданында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен «Егінжай күні» ұйымдастырылды. Шара Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында өтті. Бұл – билік, ғылым, аграрлық сектор мен халықаралық ұйым өкілдері бас қосқан маңызды диалог алаңы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.