Гимн авторы
Тұлға • 28 Қараша, 2025
Гимн авторының мерейтойына арналған поэзия кеші өтті
Алматыда Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде көрнекті ақын, Мемлекеттік Гимннің авторы Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толуына орай «Менің елім – жыр елі!» атты поэзия кеші өтті. Оған зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, автордың ұрпақтары, студенттер мен оқушылар, сондай-ақ әдебиетсүйер қауым қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.