Бітімгерлер күні
Қоғам • 29 Мамыр, 2025
Қазақстаннан 750-ден аса сарбаз БҰҰ бітімгерлік қызметіне қатысты
29 мамыр – Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық бітімгерлер күні. Бұл – әлемдегі қақтығыстарды тоқтатуға және бейбітшілікті нығайтуға аянбай еңбек еткен жандарға құрмет көрсетілетін ерекше күн. Қазақстан өз бітімгерлік жолын 2003 жылы бастаған сәттен бері БҰҰ миссияларына белсенді қатысып келеді. Бүгінде еліміздің әскери қызметшілері әлемнің түрлі өңірлерінде – Ливаннан бастап, Орталық Африкаға дейін бейбіт өмір орнатуға күш салып жүр, деп жазады Egemen.kz.