Бақылау жүйесі
Оқиға • 28 Тамыз, 2025
Жылдамдықты бақылау жүйесі 109 мыңнан аса заң бұзушылықты анықтады
2025 жылдың көктемінен бастап халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік құралдарының орташа қозғалыс жылдамдығын тіркеу жүйесі жұмыс істеп келеді. Арнайы бақылау камералары жолдардың түзу учаскелеріне орнатылған, ал орташа жылдамдық белгілі бір аралықты жүріп өтуге жұмсалған уақыт арқылы есептеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.