Бас көлік прокуратурасы
Қазақстан • 29 Шілде, 2025
Елімізге 1,5 мың тонна пайдаланылған шина заңсыз әкелінген
Қазақстанның кеден заңнамасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың нормалары денсаулық пен экологияға қауіпті тауарлардың әкелінуін қатаң реттейді. Олардың қатарына – тек арнайы рұқсат болған жағдайда ғана әкелуге рұқсат етілетін, қолданылған автокөлік шиналары (ТН СЭҚ коды 4012) да кіреді, деп хабарлайды Egemen.kz Бас көлік прокуратурасының мәліметіне сілтеме жасап.