Балқаш көлі
Оқиға • 12 Қараша, 2025
Балқаш көлінде браконьерлер қолға түсті
Қарағанды облысының ПД-нің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Балқаш қалалық желілік полиция бөлімі мен Балқаш-Алакөл аймақаралық бассейндік инспекциясымен бірлесіп, моторлы қайықты тоқтатқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 17 Шілде, 2025
Балқаш көлінің деңгейі 32 см-ге көтерілді
Биылғы жылдың бірінші жартысында Балқаш көлінің деңгейі орта есеппен 32 см-ге көтерілді. Нақтырақ айтқанда, Балтық жүйесі бойынша 341,55 метрден 341,87 метрге дейін. Жыл басталғаннан бүгінге дейін Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне 8,52 млрд текше метр су жіберілген. Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 8 млрд текше метр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 14 Шілде, 2025
Министр Балқаш көлінің курорттық аймақтарын тексерді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қарағанды облысындағы Балқаш көлінің курорттық аймағына барды, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 13 Шілде, 2025
Балқаш көлінде шомылған әйел жағалауға жете алмай қалды
Қарағанды облысы, Приозерск қаласындағы Балқаш көлінде құтқарушылар 1995 жылы туған әйелге көмек көрсетті. Ол қатты ағысқа қарсы жүзе алмай, жағалауға жете алмай қалған. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.
Оқиға • 23 Маусым, 2025
Балқаш көлі бассейніне зерттеу жүргізілді
Алматы облысы Балқаш ауданында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Францияның ғылыми ұйымдарының қатысуымен кең көлемді далалық зерттеу жұмыстары өтті. Экспедицияны еліміздің ғылыми ұйымдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2024
Қазақстан мен Франция Балқаш көлін сақтау бойынша келісімге қол жеткізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макронның қатысуымен Сауд Арабиясында өткен One Water Summit халықаралық саммитінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Екі ел аталған саммит шеңберінде Балқаш көлін сақтау бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 21 Қараша, 2024
Балқаш көлінде жоғалып кеткен балықшылар табылды
Балқаш көлінде жоғалған балықшылар аман-есен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 18 Қараша, 2024
Балқаштың тұрақты экожүйесін сақтау үшін 5 млн доллар бөлінеді
«Қазақмыс» корпорациясы Балқаш көлінің экожүйесін сақтау үшін 5 млн доллар бөлетінін мәлімдеді. Бұл туралы «Қазақмыс» корпорациясының Тұрақты даму жөніндегі директоры Сәкен Шаяхметов Бакуде өткен COP29 халықаралық конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 20 Мамыр, 2024
Балқашта су деңгейі 8 см-ге көтерілді
Трансшекаралық Іле өзенінен Балқаш көліне су жіберу жалғасып жатыр. Осыған байланысты Балқаштағы су деңгейі 8 сантиметрге көтерілді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2021
Көлдің ортасында қалып қойған 4 балықшы құтқарылды
Балқашта балық аулап жүріп, көлдің ортасында қалып қойған балықшылар құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 02 Желтоқсан, 2021
Балқаш көліне жауапты органдардың жұмысында бірізділік жоқ – Сенатор
Сенатор Рысқали Әбдікеров Балқаш көлінің таязданып бара жатқанына алаңдаулы. Осы мәселе төңірегінде депутат Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 19 Қараша, 2021
Балқаш көлі Аралдың кебін киюі мүмкін
Балқаш деңгейі 2040 жылға дейін айтарлықтай таяздануы мүмкін. Мұндай болжамды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мамандары айтып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 06 Тамыз, 2021
Балқаш Арал теңізінің тағдырын қайталамайды - Экология министрлігі
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі видеконференцбайланыс режимінде ғылыми қоғамдастық, Алматы, Қарағанды және Жамбыл облыстары әкімдіктері, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Балқаш көлінің қазіргі жағдайы мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, деп жазады Egemen.kz.