А. Арынғазинов
Ғылым • 12 Сәуір, 2026
Ғылымы дамыған ел дамудың алдыңғы қатарына шығады
Қазіргі таңда біздің елімізде білім мен ғылымның дамуына ерекше мән беріліп отыр. Ғылымның стратегиялық маңызға ие екендігі, оның стратегиялық басымдық екендігі жаңа Конституцияда айқындалды. Сол себепті ғылымға, білімге назар аударылып жатыр. Бұл ғылымды қаржыландыру көлемінің артуынан, ғылымның материалдық-техникалық базасын жақсартудан, жас ғалымдардың әлеуметтік жағдайын күшейтуден анық көрініп келеді.