Ақтан Нұрбаев
Аймақтар • 11 Наурыз, 2025
Шығыста Ақтан Нұрбаев атындағы ақындар мектебі ашылды
Биыл Алтайдың арда ұлы, қазақтың классик жазушысы, драматург Қалихан Ысқақтың 90 жылдығы мен белгілі жазушы, сара сөздің шебері Дидахмет Әшімханұлының 75 жылдық мерейтойлары қатар келіп отыр. Осы атаулы күндерге арналған облыс көлеміндегі іс-шаралар легі бүгін өлкемізге танымал айтыскер ақын, Катонқарағайдың талантты тумасы Ақтан Нұрбаев атындағы Шығыс Қазақстан облыстық ақындар мектебінің ашылуымен басталды. Ақтан Нұрбаев Кеңес дәуірі кезеңінде өңірімізде айтыс өнерін дамытуға ат салысқан белді ақын, деп жазады Egemen.kz.