Арнаулы киім
Өндіріс • 04 Қыркүйек, 2025
Маңғыстауда арнаулы киімдер тігетін шағын бизнес дамып келеді
Маңғыстау облысында жұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбек адамдарына қолдау көрсететін кәсіпкерлік нысандардың саны артып келеді. Соның айқын дәлелі – «Ria safety» кәсіпорны. 2018 жылы арнайы киімдер сататын дүкен ретінде ашылған кәсіпорын уақыт өте келе тұтынушылардың сұранысына сай өндірісін кеңейтіп, 2022 жылы өз тігін цехын іске қосты. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.