Арманға жол
Банк • 23 Қыркүйек, 2025
Отбасы банк: 2025 жылы депозитке 157 280 теңге мемлекеттік сыйақы алуға болады
Отбасы банкінің клиенттері биылғы жылдың соңында депозиттеріне қосымша қаржы алып, армандаған баспанасына тағы бір қадам жақындайды. Мемлекет жыл сайын тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың салымына 20 пайыз көлемінде сыйақы қосады. Бұл сыйақы ең көп дегенде 200 АЕК-ке дейінгі сомаға есептеледі. 2025 жылы мемлекеттік сыйақының мөлшері 157 280 теңгеге жетті. Бұл көптеген қазақстандық отбасы үшін баспанаға қол жеткізуде елеулі көмек болмақ. Ең жоғары сыйақыны алу үшін, депозитті 786 400 теңге толықтыру қажет, деп жазады Egemen.kz.