Аналар кеңесі
Мәдениет • 15 Қаңтар, 2026
Түркі әлемі: Аналардың тілегі бір
Биыл Ақтау қаласы түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланған соң, онда түркі елдерін байланыстыратын іс-шаралар көптеп өткізіле бастады. Солардың бірі – 15-16 мамырда Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия елдері өкілдерінің қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің «Ана. Қоғам. Болашақ» атты халықаралық форумы. Аталған жиында көтерілген мәселелерді саралай сөйлегенде Сабри Альптекин түркі халықтарының тамыры бір, мәдениеті ортақ, тілі ұқсас екенін айта келіп, бізді әлі де жақындастыра түсетін жобалардың керек екенін, соның ішінде, қоғамдық негізде халықаралық аналар ұйымы құрылуының маңызын атап өтті.
Қоғам • 01 Қазан, 2025
5 кеселге қарсы күрестің жол картасы әзірленеді
Мемлекеттік қызметте істегендер «Жол картасы» дегенді жақсы біледі. Қарапайым тілмен айтсақ, ол – ауқымды міндетті рет-ретімен, сапалы, нәтижелі орындау жоспары. Әдетте, Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауынан кейін қабылданады, сондай-ақ ұзақ мерзімдік мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, партиялар съездерінің шешімдерін орындау үшін де жасалады. ҚХА жанындағы республикалық Аналар кеңесінің Қарағанды облысында өткен кеңейтілген отырысында өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Салауатты сана» жобасын іске асырудың 3 жылға арналған Жол картасын қабылдамақ ниеттерін жария етті. Бұл – қоғамға қауіп төндіріп отырған кеселдермен күресудегі үлкен қадам. Және билік пен қоғамның бір мақсатта алға басуының жақсы көрсеткіші.
Қоғам • 27 Ақпан, 2025
ҚХА жанындағы Аналар кеңесі – қоғамға пайдалы ұйымның бірі
Қазақстан халқы Ассамблеясының заңды құрылымдардың бірі – «Аналар кеңесі» өз қызметін еліміздің үлкен қалаларынан бастап әрбір шағын елді мекенінде жүзеге асырып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2025
Ассамблея – этносаралық татулықтың кепілі
Биыл еліміздегі этносаралық татулықтың алтын діңгегіне айналған Ассамблеяның негізі қаланғанына - 30 жыл. Үш он жылдықта ынтымағы мықты мемлекетіміздің қорғаны биіктеп, бірлігі бекемделді. Сын сағатта өзге этнос өкілдерінің үні топтастырушы қазақ халқының мүддесімен біте қайнап, бір арнадан естілді, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 29 Сәуір, 2024
Аналар кеңесі экологиялық акцияға қолдау білдірді
Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі де өнегелі ұрпақ апталығына белсенді үлес қосып жатыр. Атап айтқанда, Тараз қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ауласында аналар кеңесінің мүшелері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері гүл екті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2023
Батыс Қазақстан облысында республикалық Аналар кеңесінің форумы өтті. Орал қаласындағы Достық үйінде «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» тақырыбымен бас қосқан жиында рухани-адамгершілік тәрбие барысы талқыланып, өңірлік Аналар кеңестері өз тәжірибесімен бөлісті.