Амстердам
Мәдениет • 31 Қазан, 2025
Амстердамда Алматы музейінің көрмесі ашылды
Нидерланд Корольдігінің астанасында Алматы қаласы музейлер бірлестігінің «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» атты көрмесі ашылды. Іс-шараға дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың басшылары, мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.