Алла Гаврина
Қоғам • 24 Сәуір, 2025
Қазақ тілін насихаттау өмірлік миссияма айналды - Алла Гаврина
Ассамблея жанындағы жастар қозғалысына биыл – 10 жыл. Осы онжылдық ішінде түрлі этнос өкілдері бірігіп, ел бірлігінің тірегіне айналған жастар ұйымы еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің белсенді қозғаушы күшіне айналды. Бұл туралы Ассамблея жастары қозғалысының белсенді мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубы төрағасының орынбасары, РОО «Ассамблея жастары» президиумының мүшесі Алла Гаврина айтты, деп жазады Egemen.kz.