Айт-ман
Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2025
Шығармашылық зертхана: Айт-ман не айтқысы келеді?
Көркем шығарманы түсініп оқу – оны жазуға кеткен еңбекпен пара-пар үдеріс. Автор бейнелеп отырған өмір өзінің де санасында жаңғырып, өзі де сол өмірдің бөлшегіне айналуы үшін оқырман да санасына салмақ түсіруі қажет. «Мені қызықтыр», «не айтқың келгеніңді түсіндір» дейтін адамдар Гогольдің сиқыршы кейіпкері Пацюктің тамақ ішкенін еске түсіреді. Ол бұған келгенде мүлде қиналмайтын. Оның алдында бір тәрелке вареник пен қаймақ тұратын. Әлгі варениктер сиқырдың күшімен өзі көтеріліп, қаймаққа күмп етіп алып Пацюктің аузына қарай ағыла беретін. Бірақ оқу процесі Пацюктің түскі асына түк те ұқсамайтын құбылыс. Мұнда ешқандай сиқыр идеяны қара сөздің қаймағына матырып асқазаныңа жөнелтпейді. Шығарманы оқу нәтижелі болуы үшін оқырман өзі еңбек етуі керек, әрі ешқандай ғажайып оны бұл жұмыстан босата алмайды. Мәтіндегі күрделі сөздерді түсінуден бөлек, ондағы мәнді қабылдай алу үшін оқырман да шығармашылық еңбекке араласу қажет.