Абыралы
Аймақтар • 14 Шілде, 2025
Қарапайым халықтың қорасындағы малын тартып алып, тіршілігінің тамырына балта шапқан кеңестік озбыр саясатқа Абыралы жұрты ашынғаннан атқа қонған. Алапат аштық жылдарында болған Абыралы көтерілісі – қазақ даласында бұрқ еткен тегеурінді қарсылықтардың бірі еді. Күні кеше сол Ақсай құрбандарына арналған ескерткіш бой көтеріп, бабалар рухына құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.