«50-in-5»
Қазақстан • 25 Маусым, 2025
Қазақстан 50-in-5 жаһандық бастамасына қосылды
Аталған бастама елдердің күшін біріктіре отырып, цифрлық қоғамдық инфрақұрылымның (DPI) негізгі элементтерін жедел енгізуді мақсат етеді. Бұл технологиялар заманауи, ыңғайлы, проактивті мемлекеттік қызметтерді дамытуға негіз болып, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және цифрлық экономиканы ілгерілетуге ықпал етеді, деп хабарлайды Egemen.kz Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.