«2025 жылғы Түркі әлемінің жастар астанасы» мәртебесі
Алматы • 19 Тамыз, 2025
Қ.Тоқаев: Шежірелі шаһар түркі мемлекеттерінің де рухани ордасы
Бүгін, Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) IV Халықаралық жастар фестивалінің ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында қалаға «2025 жылғы Түркі әлемінің жастар астанасы» мәртебесі берілді. Фестивальдің салтанатты ашылуына Мемлекет басшысы арнайы құттықтау хатын жолдады. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.