«Солтүстік ойындары»
Қысқы спорт • 27 Қаңтар, 2026
Ақ Олимпиада: Қазақстан құрамасының табысы мен тоқырауы
Ақпанның 6-сы күні Италияның қос қаласы – Милан және Кортина-д'Ампеццода төртжылдықтың басты бәсекесі қысқы Олимпиада ойындары басталады. Дүние жүзінің ең мықты спортшылары бақ сынайтын ақ ойындарда ел намысын 10 спорт түрі бойынша 36 спортшы қорғайды. Қазақстан тұңғыш рет 1924 жылы Францияның Шамони қаласында өткен қысқы Олимпиададан кейін араға 70 жыл салып, 1994 жылы жылы бәсекеге алғаш рет тәуелсіз ел ретінде қатысты, деп жазады Egemen.kz.