«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Үкімет • 10 Ақпан, 2025
Олжас Бектенов бірлескен инвесторларды белсенді тартуды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында алға қойған міндеттерді ескере отырып, Қордың 2024 жылғы жұмысының қорытындылары және оны одан әрі дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.