«Жас жұбайлар» әні
Руханият • Бүгін, 08:53
Махаббаттың мәңгі сазы. Иә, «Жас жұбайлар» әнімен талай шаңырақ шаттыққа кенелді. Талай күйеу жігіт пен қалыңдық осы әннің ырғағына биледі. Ертеректе онсыз той өтпейтін. Тіпті шетел қазақтарының да сүйіп тыңдайтын, қосыла шырқайтын әніне айналып үлгерді. Бір қызығы, осы бір бағы жанған шығарма ең алғаш Шет ауданының Ақшатау ауылында шырқалды. Пойызда келе жатып жарыққа шыққан ән осылайша қазақ ән өнерінің алтын сандығына енді.