«Ақтау - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы
Аймақтар • 28 Наурыз, 2025
«Ақтау - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты өтеді
5 сәуір күні Ақтауда қаланың түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануына байланысты ресми ашылу салтанаты өтеді. Айтулы шара теңіз жағалауында ұйымдастырылып, түркі халықтарының ортақ құндылықтары мен Маңғыстау өңірінің бай мәдени мұрасы кеңінен таныстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.