«ÓČKO CHART»
Мәдениет • 29 Желтоқсан, 2025
Димаш Құдайберген 2025 жылғы Чехия хит-шеруінің жеңімпазы атанды
Димаш Құдайберген чехиялық «ÓČKO CHART» музыкалық жобасында кезекті мәрте топ жарып, 2025 жылдың жеңімпазы мәртебесін иеленді. Өнерпаз бұл байқауда өзінің екі бірдей туындысымен бақ сынаған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.