Людмила Милютина
Қоғам • 20 Мамыр, 2025
«Қазақ ауылында туып-өскенімді мақтан тұтамын!»
Өмірге келген сәтіңнен бастап, туған жерің саған алтын бесік-атамекен болып саналатыны сөзсіз. Ол мекен – әке-шешеңнің, ата-әжеңнің, арғы ата-бабаларыңның, сенен кейінгі ұрпақтардың құтты қонысы, мекені. Менің туып-өскен жерім – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы Бұлақ ауылы. Бақытты балалық шағым осы ауылда өтті. Үлкен қазақ ауылында жалғыз ғана орыс отбасы тұрдық. «Сен орыссың, біз қазақпыз» деп бөлгендерін ешқашан естімегендіктен отбасымызбен әбден сіңіп кеткеніміз шындық.