Нис
Тағайындау • 03 Тамыз, 2020
Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы тағайындалды
Қаржы министрінің бұйрығымен Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Аймақтар • 31 Шілде, 2020
Экология министрі: Атыраудағы экологиялық проблемаларды шешу күн тәртібінде тұр
Атырау қаласының тұрғындары қаланың экологиялық проблемаларын шешу жоспарын жасауға қатысады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. Бұл туралы Экология министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Экология • 31 Шілде, 2020
Теміртауда зиянды шығарындылардың азаюына қатысты мониторинг жалғасуда
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Теміртауда табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру бойынша қоғамдық бақылауды күшейтуге уәде берді. Бұл туралы Экология министрлігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Медицина • 30 Шілде, 2020
Алекцей Цой: Бетперде тағып жүру бәріне міндетті
ОКҚ онлайн-брифингінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой көшеде қорғаныстық бетперделерді тағып жүру міндеттелгенін және бұйрықтағы ерекшеліктер туралы жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 30 Шілде, 2020
Білім және ғылым министрлігі мен Майкрософт-Қазақстан мәмілеге келді
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Майкрософт-Қазақстан оқу процесінің сапасын жақсарту және цифрландыру арқылы қазақстандық білім мен ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін білім беруді цифрлық түрлендіру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін қарастыруға ниет білдірді, - деп жазады Egemen.kz
Тағайындау • 30 Шілде, 2020
Аллен Шәйжүнісов QazExpoCongress-тың басқарма төрағасы болып тағайындалды
Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Шәйжүнісов Аллен Сержанұлы "QazExpoCongress" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Е. Шорманов берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайыды.
Қазақстан • 30 Шілде, 2020
Ботагөз Жақселекова Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы лауазымынан босатылды
Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам • 30 Шілде, 2020
Әлеуметтік қызметкерлер МӘМ жұмысын жетілдіру жайын талқылады
Қазақстанның әлеуметтік қызметкерлері МӘМ жұмысын жетілдіру жайын талқылады. Бұл туралы ЕҚӘҚ министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Экономика • 29 Шілде, 2020
700 мың салық төлеуші мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды – Р.Дәленов
Ұлттық экономика министрлігі бизнеске арналған негізгі салық босаңсулары туралы баяндады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қоғам • 29 Шілде, 2020
Қазақстандық әуе компаниялары тоқтатылған рейстер үшін жолаушылар шығынын қайтарады
Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті азаматтық авиация саласында азаматтардың тұтынушылық құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 29 Шілде, 2020
Қазақстанда карантин салдарынан бизнестің қай саласы көп зардап шекті?
Қазақстан, әлемнің барлық басқа елдері сияқты, коронавирус пандемиясының жағымсыз салдарының жиынтығы аясында іскерлік белсенділіктің төмендеуін бастан кешуде. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 29 Шілде, 2020
1,9 млн-нан астам қазақстандық 42 500 теңге алды
Бүгін сағат 9.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,2 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды. Төлем 2 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 981 мың қазақстандыққа аударылды. Бұл туралы ЕҚӘҚ министрлігінің баспасөз қыметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 28 Шілде, 2020
Атырауда теннис орталығы сенімгерлік басқаруға беріледі
Бұл орталық төрт жыл бұрын пайдалануға берілген еді. Енді теннис орталығы мүлкімен бірге сенімгерлік басқаруға ұсынылып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 28 Шілде, 2020
Асқар Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Премьер-Министр Асқар Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 28 Шілде, 2020
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Бағдат Мусин Қазақстандағы электрондық сауданың дамуы туралы баяндады. Бұл туралы Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қазақстан • 28 Шілде, 2020
Қарулы Күштерде жекелеген бөлімшелерді күшейту жоспарлануда
Өткен аптада Қорғаныс министрлігінде Қазақстан армиясындағы өзекті мәселелерді қарастыру туралы аппараттық кеңес өтті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Спорт • 28 Шілде, 2020
Токиодағы WTA турнирі өткізілмейтін болды
Коронавирус пандемиясына байланысты теннистен әйелдер арасындағы Токиодадағы халықаралық дода өтпейтін болды, деп хабарлады Olympic.kz.
Қазақстан • 28 Шілде, 2020
Ұлттық саябақтардағы заңбұзушылықтар бойынша қайда шағымдану керек?
Енді кез келген азамат Ұлттық парктегі теріс әрекеттер, оның ішінде, ағашты заңсыз кесу, заңсыз балық, аң аулау, эко-бекеттерде түбіртек беруден бас тарту, парк қызметкерінің жұмысындағы олқылық және басқа да заң бұзушылықтар туралы фото және бейне қосымша арқылы тікелей хабарлай алады деп, мәлімдеді Экология министрлігінің баспасөз қызметі.
Білім • 28 Шілде, 2020
Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарында бағаны өсірмеуді ұсынды
Бүгін Білім министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің онлайн жиналысында ЖОО-ның басшыларына нақты екі мәселе бойынша ұсыныс тастады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 28 Шілде, 2020
Министр тұрғындардың көшеде қандай талаптарды сақтауы қажеттігін түсіндірді
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тұрғындардың көшеде қандай талаптарды сақтауы қажеттігін түсіндірді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 27 Шілде, 2020
Алматыдағы емдеу орындары үш бағыт бойынша жұмыс істеуге көшті
Алматы қаласында жедел медициналық жәрдем мен емханалардың, стационарлардың жұмысынан бастап барлық бағыттар бойынша тәсілдер өзгертілді. Қаладағы стационарлар пациенттердің жағдайының ауырлығына қарай бөлінген. Бұл туралы PrimeМinister.kz-ке берген сұхбатында Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 27 Шілде, 2020
Пульмонолог дәрігер: Адам өмірін сақтау үшін дәрігерлер тәулік бойы жұмыс істеуде
Карантин шаралары енгізілген сәттен бастап дәрігерлер 24/7 режімінде жұмыс істеуде, дейді Астана медицина университетінің №3 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті, пульмонолог Асия Токсарина. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 27 Шілде, 2020
Балаева "Tamasha TV" телеарнасының жабылуына пікір білдірді
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 27 Шілде, 2020
Жоспарлы медициналық көмек көрсету кезең-кезеңмен қайта басталады
Пандемия кезінде көптеген медициналық ұйым CОVID-19 қарсы күреске қатысты. Халыққа жоспарлы және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету уақытша тоқтатылды. Тамыз айынан бастап республикалық клиникалардан бастап жоспарлы медициналық көмек көрсету кезең-кезеңмен қайта басталады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 24 Шілде, 2020
Қазақстан мен Эстония денсаулық сақтау саласын цифрландырудың рөлін талқылады
23 шілдеде Қазақстанның Эстониядағы Елшілігі Эстонияның денсаулық сақтау саласын цифрлық дамытуын ұйымдастырушыларының, медициналық компаниялардың, IT саласының өкілдерінің және ҚР Эстониядағы Елшісі Н.Сейтімовтің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.Оспановтың, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры Б.Есенбаевтың және құзыреттілік орталығының басшысы Е.Макулбековтің қатысуымен бейнеконференция ұйымдастырды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 24 Шілде, 2020
Қытай билігі АҚШ-тың Чэндудағы Бас консулдығын жабуды талап етті
Қытай билігі Сычуань провинциясының Чэнду қаласындағы АҚШ консулдығы өз қызметін тоқтатуын талап етті. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 24 Шілде, 2020
Сәтбаевтағы оқиға бойынша қылмыстық іс тіркелді - министр
Сәтбаев қаласындағы оқиға бойынша бірнеше баппен қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 24 Шілде, 2020
Пандемия тұсында гуманитарлық көмек қолжетімді болуы тиіс
COVID-19 пандемиясынан туындаған қатаң карантин жағдайында, әрбір минут қымбат, әсіресе, ол біздің отандастарымыздың өміріне және жедел медициналық көмек көрсетуге қатысты болғанда. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 23 Шілде, 2020
АШМ зертхана ғимараттарын Денсаулық сақтау министрлігіне беруге дайын
Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық зертхана ғимаратын ауылдық жерлерде COVID-19 вирусына ПТР-зерттеу жүргізу үшін уақытша Денсаулық сақтау министрлігіне қолдануға береді
Қазақстан • 22 Шілде, 2020
Экология министрлігі Waste to energy технология бойынша заң жобасын әзірледі
Бұл технология қалдықтарды өртеу арқылы электр энергиясына айналдыруды қамтамасыз етеді. Министрлік келесі жылы осындай зауыттарды салу үшін аукциондар өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады бүгін Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев Нұр-Сұлтандағы брифингте.