ат
Өшпес даңқ • 29 Сәуір, 2025
Майдангер отандастарымызға арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды
Бүгін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Парламент делегациясы Волгоградта Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы мұра – ортақ болашақ» атты халықаралық форумға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс • 29 Сәуір, 2025
«Шерзат» ісі: алғаш рет марқұм Нұрқанат Гайпбаевтың жауабы жария етілді
Талдықорғанда қоғам назарын аударған «Шерзат» қылмыстық ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті. Бүгінгі отырыста алғаш рет қайтыс болған Нұрқанат Гайпбаевтың тергеу барысында берген жауабы жария етілді. Прокурор Дана Сәрсенбай марқұмның көрсетулерін сотқа таныстырды.
Өшпес даңқ • 29 Сәуір, 2025
Жеңіс мерейтойына орай Алматыда бірегей шара өтеді
Ертең, яғни 30 сәуірде Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде 80 жылдық мерейтойға орай «Ұлы Жеңіс – батырлар рухына тағзым» атты салтанатты іс-шара өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Сәуір, 2025
ҚСЗИ туыстық қарым-қатынас бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізді
Әлеуметтік сауалнама – Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) тапсырысымен 2025 жылдың 20 наурызы мен 20 сәуірі аралығында жүргізіліп, оған жалпы 8001 респондент (17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан) 18 жастан асқан респонденттер қатысқан екен, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 29 Сәуір, 2025
Күту философиясы немесе Қайсар Әлімнің жаңа романы
Күту... Өміріміздің көп бөлігі күтумен өтеді. Таңның атқанын күтесің. Кофенің қайнағанын күтесің. Жаңбырдың тоқтағанын күтесің. Махаббатыңды күтесің. Балаңды мектептен күтесің. Жұмыс күнінің аяқталғанын күтесің. Бәрін-бәрін күтесің. Ал өлім жазасына кесілген адам бір-ақ нәрсені күтеді.
Оқиға • 29 Сәуір, 2025
Бірнеше мектепте буллинг белең алған
Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Алматы облысының жеті ауданында жүргізілген анонимді сауалнама нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 29 Сәуір, 2025
Шерзат Полат ісінде мылтықты кім шығарғаны айтылды
Бүгін Жетісу облысында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша келесі сот отырысы өтіп жатыр. Сот отырысының 2-бөлімінде айыпталушылардың бірі Абзал Шынасылды Менделеев көшесіндегі «Қамажай» дүкеніне жеткізген Талғат Әшірбаев пен Әділ Тілеубекұлы куәгерлік етті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Сәуір, 2025
Мектеп оқушысы қатарластарына әлімжеттік көрсеткен
Әлеуметтік желілерде мектеп оқушыларының қатарластарын ұрып-соққан видеосы кеңінен таралып жатыр. Бұл жағдайға қатысты Алматы облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі түсініктеме беріп, бейнежазбадағы оқиға Іле ауданы Қараой ауылында болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Сәуір, 2025
Семсерлесуден ел чемпиондары анықталды
Алматыда семсерлесуден Қазақстан чемпионаты аяқталды. Ұлттық олимпиада комитеті ел біріншілігінің жеңімпаздарын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 29 Сәуір, 2025
Шерзат ісінде тағы бір куәгер Дархан Әскентайды ұстағанын айтты
Сот барысында тағы бір куәгер — Дарханның басқа бір сыныптасы, Жәнібек Әмірақын жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Сәуір, 2025
Министр Руслан Берденовтің жағдайы туралы мәлімдеді
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 29 Сәуір, 2025
Шерзат Полат ісінде полиция қызметкерлері куәлік етті
Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Сот барысы Жоғарғы соттың ютуб арнасында онлайн көрсетілуде, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 29 Сәуір, 2025
Ардагерлерге берілетін төлем мөлшері артады
Алматыда ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне төлем көбейтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің мәліметіне сілтеме жасап.
Заң • 29 Сәуір, 2025
Шерзат ісі: Дархан Әскентайдың сыныптасы жауап берді
Жетісу облысында Шерзат Полаттың кісі қолынан қаза табуына байланысты өтіп жатқан сот процесінде маңызды куәліктер тыңдалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 29 Сәуір, 2025
«Социалистік Қазақстан» газетінің 1944 жылғы 28 наурыз күнгі № 62 (6567) санына екінші дүниежүзілік соғыстың қаһарманы гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының «Серігім» атты жоқтау жыры жарияланыпты.
Білім • 29 Сәуір, 2025
10 мыңнан астам оқушы пән олимпиадасында бақ сынайды
Бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың III облыстық кезеңі басталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Сәуір, 2025
Жосықсыз кәсіпкерлер жауапқа тартылды
Алматыда «Алматы - біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында заңсыз сауда нүктелерін анықтау жалғасуда.
Қылмыс • 28 Сәуір, 2025
Алматыда өздерін полиция ретінде таныстырған алаяқтар тобы ұсталды
Алматы қаласы мен Алматы облысының құқық қорғау органдары бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтар тобы құрықталды.
Алматы • 28 Сәуір, 2025
Алматыда ардагерлерге 5 миллион теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі
Қазіргі кезде Алматыда 21 ардагері Ұлы Отан соғысының, 6149 тыл еңбеккері тұрады.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2025
Атырауда республикалық жұмысшы жастар форумы басталды
Еліміздің 15 өңірінен 200-ден астам жастың басын қосқан республикалық форумға жұмысшы мамандықтары бойынша оқып жатқан студенттер, кәсіпорын қызметкерлері мен кәсіподақ өкілдері қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 28 Сәуір, 2025
Қазақстан дзюдошылары Оңтүстік Кореяға есе жіберді
Бүгін Таиланд астанасы Бангкокте дзюдодан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Сайыстың соңғы күнінде ел құрамасы командалық сайыста оңтүстіккореялық дзюдошыларға қарсы қола жүлдені сарапқа салды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 28 Сәуір, 2025
Шерзат ісі: куәгер неліктен жедел жәрдем шақырмағанын айтты
Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті ашық сот отырысы өтіп жатыр. Сот отырысында куәгер Эльмира Нұрбековадан жауап алынды. Екінші бөлімінде куәгер Дана Жақсыгелді жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімін қабылдады
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы облысының 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мереке • 28 Сәуір, 2025
Алматыда 1 мамыр мерекесі қалай тойланады
Биылғы мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Бірлігі жарасқан Алматы» ұранымен ұйымдастырылып, негізгі шаралар Абай алаңында өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Сәуір, 2025
Ирандағы жарылыс қолдан жасалды ма
Иранның оңтүстігіндегі Бендер-Аббас қаласында орналасқан Шахид Раджаи портындағы жойқын жарылыстан кейін ел билігі дүйсенбі күнін ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Жарылыстың салдарынан қаза тапқандар саны 40 адамға жетіп, жараланғандар саны 1 241-ге артқаны белгілі болып отыр. Жергілікті ақпарат жүйесінде апаттың Иранмен қырғиқабақ Израильдің қолымен жасалғаны туралы хабар тарап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 28 Сәуір, 2025
Қазақстанда алғаш рет роботтың көмегімен күрделі ота жасалды
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында роботтың көмегімен қатерлі ісікке ота жасалды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 28 Сәуір, 2025
Мойын ісігімен туған нәрестеге ота жасалды
Алматы перзентханаларының бірінде 23 наурыз күні құрсаққа біткеніне 34 апта толған ер бала сирек кездесетін, туа бітті кеселмен дүниеге келген еді. Сәбидің мойнының оң жағында үлкен кистозды лимфангиомасы болған. Онымен қоса тыныс алу және жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігі де ісіктің асқынуына себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Сәуір, 2025
Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің орынбасары тағайындалды
Ғұмар Серғазин Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 27 Сәуір, 2025
Алматыда түнде қонақүй өртенді: өрт сөндірушілер 100 адамды эвакуациялады
27 сәуірге қараған түні Алматыдағы қонақүйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 27 Сәуір, 2025
Алматыда «Таза Қазақстан» акциясына 2 мыңнан астам тұрғын қатысты
Қаланың барлық ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Қазақстан халқы бірлігі күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында республикалық сенбілік өтті.