ана
Спорт • 19 Қыркүйек, 2023
«Ұлы дала жорығы»: Астана шабандозы рекорд кітабына енді
1300 шақырымды еңсерген шабандоз Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 19 Қыркүйек, 2023
Елордада екі көше учаскесі уақытша жабылды
Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Р.Қошқарбаев даңғылы мен С.Нұрмағамбетов көшесінің сол жағына орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 18 Қыркүйек, 2023
«Әркімнің жолы – әртүрлі сапар» кітабының таныстырылымы өтті
Бас редакторлар клубы мен ЕҰУ-нің журналистика және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында марқұм журналист-публицист, саясаттанушы, Бас редакторлар клубының бұрынғы президенті, «Құрмет» орденінің иегері Кенжеболат Жолдыбайдың «Әркімнің жолы – әртүрлі сапар» атты кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 16 Қыркүйек, 2023
Астанада жалпықалалық сенбілікке 56 мыңнан астам адам шықты
Елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр. Астананың тазалығына 56 мыңнан астам қала тұрғыны шықты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Үкімет • 16 Қыркүйек, 2023
«Ауыл аманаты»: Ауыл тұрғындарына 7,5 мыңға жуық шағын несие берілді
Үкімет Президенттің ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тапсырмасын белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бұл мақсатта «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылып отыр, оның шеңберінде ауыл тұрғындарына жылдық 2,5%-бен 5-7 жыл мерзімге шағын несие беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 14 Қыркүйек, 2023
Марқұм құтқарушының құрметіне мурал салынады
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен «Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты бірлесіп, елордадағы тұрғын үй өрті кезінде адамдарды құтқарған Асқар Забикулиннің құрметіне мурал салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2023
19 млн теңге: Астанада алимент төлеуден жалтарған азамат қамалды
Астана тұрғыны 19 млн теңге көлемінде алимент төлемегені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2023
Бағдат Мусин Қазақстанда интернет баяу екенін мойындады
Бұған дейін «Қазақстандағы интернет Токиоға қарағанда жақсырақ» деген мәлімдеме жасаған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әдеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшыраған еді. Бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында министр елде байланыс сапасына қатысты мәселелер бар екенін мойындады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 13 Қыркүйек, 2023
Алматы тұрғындары елордалықтарға қарағанда ақшаны көп жұмсайды
Jusan Analytics тобы ел тұрғындары тапқан табысының 60-70 пайызын қайда жұмсайтыны бойынша зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 12 Қыркүйек, 2023
Астанадағы көлік кептелісі мәселесі қалай шешілетіні айтылды
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қала көшелеріндегі көлік кептелісі жаңа көпірлер ашу арқылы шешілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 11 Қыркүйек, 2023
«Жолаушылар тасымалы» АҚ паркі отандық жаңа вагондармен толықты
Көлік комитетінің төрағасы Алтай Әлі «Нұрлы жол» темір жол вокзалында өткен салтанатты іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық спорт • 11 Қыркүйек, 2023
Елордада құсбегіліктен халықаралық турнир өтеді
Астана қаласы маңындағы Софиевка ауылында 12-13 қыркүйек күндері құсбегіліктен барлық жастағы спортшылар арасында Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы халықаралық турнир өтеді, деп жазады Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 10 Қыркүйек, 2023
Отбасы күніне орай жүгіру марафоны өтті
Астанада Отбасы күні мерекесіне орай Көктал саябағында жүгіру марафоны өтті, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 08 Қыркүйек, 2023
Астанада үшауысымды мектептердің мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен елорданың білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы брифинг өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 08 Қыркүйек, 2023
Астанада тағы бір көше бөлігі жөндеуге жабылады
Астанада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Түркістан көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 08 Қыркүйек, 2023
Елордада үш мыңнан астам жарнамалық маңдайша алынып тасталды
Астананың сырт келбетін бірыңғай дизайн-кодқа сәйкестендіру жұмысы жалғасып жатыр. Жыл басынан бері барлық ауданда ғимараттардың қасбетінен үш мыңнан астам жарнамалық билборд, маңдайша мен дөңгелекті жарнамалар алынып тасталды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Қыркүйек, 2023
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елордада әр сенбі, жексенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 06 Қыркүйек, 2023
Елордада Атырау ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
Астанада 9-10 қыркүйек аралығында Атырау облысының ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 06 Қыркүйек, 2023
Елордада бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтеді
Ертең, 7 қыркүйекте елордадағы «Жастар» сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп жазады Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 06 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 04 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша елорда қалай дамиды?
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңесте негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша елорданың дамуының оң динамикасы атап өтілді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 04 Қыркүйек, 2023
Қанат Бозымбаев Президент кеңесшісі болып тағайындалды
Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Университет • 02 Қыркүйек, 2023
Қостанай облысы түлектерінің 50%-дан астамы Baitursynov University студенті атанды
Қостанай облысы колледждері мен мектептері түлектерінің 50 пайыздан астамы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жоғары оқу орнының студенті атанды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 02 Қыркүйек, 2023
Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін екі кітапхана ашылды
Түркістанда өткен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» Ұлттық құрылтайының екінші отырысы барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 24/7 (тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн) режимде жұмыс істейтін кітапхана құру идеясын айтқаны мәлім. Осы орайда Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің екі филиалы 1 қыркүйектен бері тәулік бойы жұмыс істей бастады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2023
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Аталған кадрлық тағайындау туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 01 Қыркүйек, 2023
Ұлағатты ұстаздың құрметіне аудитория ашылды
Астана қаласында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде «Жүрегіне шәкірт аты жазылған!» атты іс-шара өтті. Жиын аясында мектептің ардагер ұстазы Алтынгүл Момысқызының құрметіне арнайы аудитория ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Тамыз, 2023
Жыл соңына дейін студенттерге 32 жатақхана беріледі
Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы өседі. Соңғы үш жылда 1 студентке жұмсалатын бір жылдық шығын 420 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін ұлғайған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Тамыз, 2023
«Асар» дәстүрі аясында мұқтаж отбасы баспаналы болды
Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Кәріқорған ауылының тұрғыны Дорош Василий «Асарлатып үй салу» жобасы шеңберінде баспаналы болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Тамыз, 2023
Астанада Семей полигонынан зардап шеккендердің мәселесі талқыланды
Астанада «Семей полигоны: адамдар мен тағдырлар, шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 29 Тамыз, 2023
Елордадағы Сығанақ көшесі уақытша жабылады
LRT желісінің жобасын іске асыру шеңберінде Сығанақ көшесінің бойында монолитті темірбетон балкалары орнатылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.