Ар
Шаруашылық • 23 Шілде, 2025
Қарашөкеев егістік алқаптарды аралады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандары мен Тараз қаласындағы егістік алқаптарды аралап, су шаруашылығы және өнеркәсіп нысандарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 22 Шілде, 2025
«Болашақ» түлектері елге қызмет етіп жүр
Жаңаөзенде «Біліміміз – елімізге» волонтерлік жобасы аясында «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектері халыққа тегін медициналық, кәсіпкерлік кеңес берді. Орталықтан шалғай орналасқан өңір халқының білікті мамандардың қызметіне әрдайым қол жеткізе бермейтінін ескерсек, арнайы жобаның Жаңаөзен жұртына пайдасы мол болғаны анық.
Жастар • 22 Шілде, 2025
Жұмысшы мамандықтары жылы: Ақмола облысында Республикалық жастар слеті басталды
Щучинск қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында Республикалық слет өз жұмысын бастады. Еліміздің барлық өңірінен келген 100-ден астам белсенді жастар жұмысшы мамандықтарының болашағын талқылап, шеберліктерін шыңдап, жаңа серпін мен шабыт алуға жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 22 Шілде, 2025
Жетісуда 2,2 тонна жем-шөп дайындалады
Жетісу облысында биыл 2,2 млн тонна жем-шөп дайындау жоспарланып отыр. Оның ішінде 1,2 млн тонна шөп, 341 мың тонна сабан, 117 мың тонна пішендеме, 203 мың тонна сүрлем және 307 мың тонна жемдік астық қамтылмақ, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 22 Шілде, 2025
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Аталған лауазымды қызметке Бекзат Жүсіп тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 22 Шілде, 2025
Ұлытау облысында қаржылық пирамиданы ұйымдастырушы сотталды
Жезқазған қаласының тұрғыны 22 азаматқа жалпы сомасы 27 млн теңге шығын келтірген, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Шілде, 2025
Жоғары білікті IT-мамандарын тарту үшін бағдарламалар іске қосылған
Бүгін Үкімет отырысы барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жоғары білікті IT-мамандары үшін Қазақстанның тартымдылығын арттыру және олардың еліміздің экожүйесіне интеграциялануы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Digital Nomad Residence және Digital Nomad Visa бағдарламалары іске қосылғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Баға • 22 Шілде, 2025
Тамыздан бастап не қымбаттайды?
Тамыз айының ыстығында сынап бағанымен қатар, нарық бағамы да көкке көтерілмекші. Әсіресе тауармен қатар қызмет құны да қыр көрсетпек. Мәселен, жанармай қымбаттайды, байланыс операторлары комиссия енгізеді, ал салық пен сыртқы саудадағы өзгерістер бағаға әсер етуі мүмкін. Тақырыпты тарқатып айтайық.
Қоғам • 22 Шілде, 2025
Министр балаларға арналған фэнтези мен комикстерді көбейтуді ұсынды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Айқын» басылымына берген сұхбатында еліміздегі кітап шығару ісінің жай-күйі мен кітап оқуға баулу мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Шілде, 2025
«Бағанашыл» балалар үйіне тексеру жүргізіледі
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің комиссиясы Алматы қаласындағы «Бағанашыл» балалар үйінің қызметіне қатысты жағдайға байланысты жан-жақты және объективті қызметтік тергеу жүргізу мақсатында аталған мекемеге барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 22 Шілде, 2025
КуПС - «Қайрат» матчы тікелей эфирден көрсетіледі
Бүгін алматылық «Қайрат» футбол клубы сырт алаңда Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді, деп жазады Egemen.kz
Әлем • 22 Шілде, 2025
Жапонияда рекордтық көрсеткіш: 42 әйел депутат сайланды
Жапонияның Кеңесшілер палатасына сайлауда 42 әйел депутат сайланып, 2022 жылы тіркелген бұрынғы рекордты жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz Kyodo News агенттігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 22 Шілде, 2025
ШҚО аумағындағы 5 815,7 гектар егістік алқапқа су берілді
Өңір диқандары суару маусымы басталғалы 24 млн текше метрден астам су алған. Биыл «Қазсушар» РМК-ның Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы шаруалармен суармалы суды жеткізу бойынша 490-нан астам келісімшарт жасасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Шілде, 2025
ҚР жаңа паспортына қар барысының бейнесі енгізіледі
Қазақстан Республикасы паспортының жаңа үлгісінде қар барысының бейнесі пайда болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, министр міндетін атқарушы Бауыржан Әленов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 22 Шілде, 2025
Геологиялық барлауға 30 миллиард теңге бөлінеді
Премьер-министр Олжас Бектенов бүгінгі Үкімет отырысында Президент тапсырмаларына сәйкес Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі ресурстық базаны кеңейту екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Хоккей • 22 Шілде, 2025
«Барысты» Евгений Королев жаттықтырады
«Барыс» хоккей клубы негізгі құрамның жаттықтырушылар штабына өзгеріс енгізетінін мәлімдеді. Бұл шешім өткен маусымдағы қанағаттанарлықсыз спорттық нәтижелерге байланысты қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Шілде, 2025
Биыл 5,1 млн жұмыскердің пайдасына зейнетақы жарналары төленді
Қазақстанда 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің пайдасына 464 миллиард теңге көлемінде міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) аударды. Бұл жарналар 5,1 миллионнан астам жұмыскерді қамтыған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Шілде, 2025
71 жастағы велошеруші Жезқазғанға аялдады
Қазақстанды велосипедпен аралап жүрген 71 жастағы саяхатшы, теміржол саласының ардагері Жұмабай Отарғалиев Жезқазған қаласына аялдады. Ол Жезқазған жоғары политехникалық колледжінің материалдық-техникалық базасымен танысып, студент жастармен жүздесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 21 Шілде, 2025
Сенат депутаттары «Қытай – ШЫҰ» семинарына қатысты
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Дархан Қыдырали мен Марат Қожаев «Қытай – ШЫҰ» тақырыбындағы семинарға қатысты. Семинардың басты тақырыбы – «ШЫҰ аясында ортақ тағдыр қоғамдастығын қалыптастыру мақсатында заң шығарушы органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту» болды, деп жазады Egemen.kz.
Күрес • 21 Шілде, 2025
Қазақ балуандары 7 жүлде жеңіп алды
Венгрияның бас шаһары Будапештте күрес түрлерінен Polyák Imre & Varga János Memorial турнирі өтті. Қазақ балуандары 2 күміс және 5 қола медаль еншіледі, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 21 Шілде, 2025
Тау бөктерінен заңсыз нысандар сүрілді
Соңғы жылдары Алматыда заңды белінен басып, құжатсыз, рұқсатсыз салынған үйлер мен ғимараттар кезегімен сүріліп жатқаны көпшілікке мәлім. Енді міне, сот шешімімен «Таулы Қырат» ӨК 2767 және 2768 учаскеде құрылысы аяқталмаған екі үй бұзылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 21 Шілде, 2025
Алматының жаңадан тағайындалған бас дәрігері Марат Пашимов туралы не білеміз?
Марат Орынбасарұлы Пашимов қала әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 21 Шілде, 2025
Белгілі журналист Мұхтар Түменбай өмірден өтті
Қайғылы хабарды журналист Серікқали Мұқашев әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Шілде, 2025
Спортшылардың өткен аптадағы жеңістері
Апталық шолу мағлұматты сала министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 21 Шілде, 2025
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 14 млрд теңгеге қысқа мерзімді облигацияларды өтеді
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ 2024 жылдың жазында орналастырылған қысқа мерзімді облигациялар бойынша төлемдерді аяқтады. Өтем жалпы сомасы 14 млрд теңгені құрады, оның 13 миллиарды - негізгі қарыз, тағы 1 миллиарды - купондық сыйақы, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 21 Шілде, 2025
1962 жылы кеңестік жазушылар Аркадий мен Борис Стругацкийлер «Полдень, XXII век» атты ғылыми-фантастикалық повесін жарыққа шығарады. Бұл шығармада болашақтағы ғылым мен техниканың жетістіктері, адамзаттың жаңа даму сатысына көтерілуі кеңінен суреттеледі. Солардың бірі – Каспаро-Карпов жүйесі деп аталатын таңғаларлық технология. Бұл жүйе адамның миын «көшіріп», оның математикалық моделін жасау арқылы адам санасын зерттеуді мақсат етеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 21 Шілде, 2025
Бірқатар әлеуметтік маңызы бар тауар бағасы өскен
Үкіметте өткен жиында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биылғы қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4%-ға өсіп, 1,3 трлн теңгені құрағанын баяндады. Азық-түлік өндірісі 10,5%-ға өсті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспары іске қосылып, 677 инвестициялық жоба, оның ішінде импортқа тәуелді тауарлар бойынша 289 жоба жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 21 Шілде, 2025
Биыл 172 мектепке дейінгі ұйым ашылған
Бүгінде еліміздегі 11,8 мыңнан астам балабақшада 1 миллионнан астам бала тәрбиеленіп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа мектепке дейінгі ұйымдарды ашу жөніндегі 2023–2027 жылдарға арналған жоспар кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Шілде, 2025
Үкіметте инфляцияны тежеу мәселесі талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 21 Шілде, 2025
Атыраудағы «Ақжайық» резерватында құстардың өлексесі табылды
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты таратқан ақпаратқа қарағанда, құстардың өлексесі Шалыга аралында анықталған, деп жазады Egemen.kz.