ауыл
Ауыл • 04 Маусым, 2025
«Ауыл - ел бесігі»: Павлодарда 119 ауыл жаңғыртылды
Биыл Ертіс-Баян өңіріндегі 22 ауылдық елді мекенді дамытуға 9,7 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 31 Мамыр, 2025
Шегірткеге қарсы күрес шаралары 844 мың гектар аумақта жүргізілді
31 мамырдағы жедел деректерге сәйкес, Қазақстан аумағында үйірлі шегіртке зиянкестерінің бар-жоғын анықтау мақсатында 5,6 млн гектар ауыл шаруашылығы жері зерттелді. Оның ішінде 844 мың гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Шаруашылық • 29 Мамыр, 2025
Қостанай облысында үйірлі шегірткеге қарсы іс-шаралар жүріп жатыр
Өңірде алқаптарды зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары қарқын алды. Мұнымен қатар, аумақтық инспекция мамандары 2 млн 339 мың гектар алқапқа мониторинг жүргізіп, үйірлі шегіртке дернәсілінің бар-жоғын анықтап жатыр, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Шаруашылық • 29 Мамыр, 2025
Ең көлемді егіс көлемі Ақмола облысына тиесілі – 3 706 мың гектар. Көлем бойынша одан кейінгі облыстар: Қостанай (3 292 мың га), Солтүстік Қазақстан (2 566 мың га), Павлодар (1 081 мың га), Қарағанды (1 032 мың га). Бүгінде егіс науқаны бойынша 72,4 пайыз жер қамтылып, 15,1 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлеріне егіс жұмыстары жүргізілген, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 29 Мамыр, 2025
Қазақстан-Италия инвестициялық қоры құрылады
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен TRAMITE GROUP компаниясының негізін қалаушы, Қазақстан мен Италияның сауда-өнеркәсіп палатасының ресми өкілі Джанантонио Трамет арасында кездесу өтті. Басқосуда агроөнеркәсіп кешеніндегі әріптестікті кеңейту мәселесі сөз болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 28 Мамыр, 2025
Баянауылда туристік маусым ашылады
Қазіргі уақытта Баянауыл ауданында жалпы сыйымдылығы 5 мың адамға арналған 54 демалыс үйі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 28 Мамыр, 2025
Министрлік шегірткенің жаппай таралуына қатысты мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желі мен БАҚ беттерінде шегірткелердің жаппай әрі бақылаусыз таралуына қатысты ақпарат тарап жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәлімет пен бейнематериалдар шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 27 Мамыр, 2025
Мароккодан елімізге 286 дәнді дақыл үлгісі жеткізілді
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының қолдауымен ICARDA генетикалық банкінен (Марокко) Қазақстанға жергілікті дәнді дақылдар үлгісінің екінші партиясы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 27 Мамыр, 2025
Зиянкестермен күрес жеке бақылауымда болады - министр
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Арал ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарымен танысып, жедел штаб отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 27 Мамыр, 2025
Пайдалы қоспа жасаудың технологиясы табылды
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары мен студенттері «СҚ Протеин» ЖШС бірлесіп, қара мал мен жылқының терісінен белогы жоғары жемазық қоспасын шығарудың технологиясын жасап шығарды.
Ауыл • 26 Мамыр, 2025
Ішімдіктен бас тартқан ауылдар көбеюде
Жуырда Уәлиханов ауданындағы Жамбыл және Шағырсай ауылдарында болған ауылдастардың жиынында ішімдіктен бас тарту, оны дүкенде сатпау, барлық отбасылық шараларды алкогольсіз өткізу туралы шешім қабылданды.
Мектеп • 26 Мамыр, 2025
Біліктілікті арттыру курстары 8 мыңнан астам ауыл мұғалімін қамтыған
Жыл басталғалы мектеп педагогтеріне арналған 515 біліктілікті арттыру курсы өтіп, 13 мыңға жуық мұғалім қамтылған, ал қатысушылардың 62 пайызын, яғни 8 мыңнан астамын ауыл мектептерінің мұғалімдері құрайды екен, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Мамыр, 2025
Мамыр айының соңында елімізде магниттік дауыл болуы мүмкін
Сәрсенбіден бастап Қазақстан аумағында геомагниттік жағдай өзгеруі мүмкін. Ғалымдар орта деңгейдегі магниттік дауылдың болатынын болжады. Күн желінің ерекше күшеюі адамның көңіл-күйі мен денсаулығына да әсер етуі ықтимал. Мұндай құбылыс кездейсоқ емес. Күн бетінде соңғы күндері өте белсенді процестер жүріп жатыр.
Шаруашылық • 25 Мамыр, 2025
АШМ 880 мың гектарға жуық егіс алқабын шегіртке жайлағанын мәлімдеді
Ауыл шаруашылығы министрлігі 880 мың гектарға жуық егіс алқабын шегіртке басқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 24 Мамыр, 2025
Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы – қазіргі заманның басты күн тәртібіндегі мәселелердің бірі. Осы бағыттағы нақты шешімдердің бірі – Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатқан «Batys AgroHub» жобасы. Бұл бастама КПО б.в. консорциумының акционерлері – «Shell Қазақстан» және «Eni» компанияларының қолдауымен іске асырылып отыр.
Шаруашылық • 24 Мамыр, 2025
Сәтбаев атындағы каналда 17 трансформатор мен 19 сорғы қондырғысы жөнделеді
Су ресурстары және ирригация министрлігі Қ.Сәтбаев атындағы каналда 19 сорғы қондырғысы мен электр жабдықтарын ауыстыру жұмыстарын бастады. Бүгінде 17 трансформаторды жеткізу бойынша келісімшарттар жасалып, 9 қосалқы жабдық сатып алынды.
Елорда • 22 Мамыр, 2025
Елордада қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астанада 24-25 мамыр күндері өтетін жәрмеңкеде елдің түрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 21 Мамыр, 2025
Баянауыл ұлттық паркіндегі өртке электр кернеуіне түскен сауысқан себепкер болған
Сәуір айының басында Баянауыл ұлттық паркінің жерлері жанған болатын. Төтенше жағдай қызметінің мамандары өрттің шығу себебін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 21 Мамыр, 2025
Ауылға барған дәрігерлерге көтермеақы неге төленбеген
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұртай Сабильянов ауылға жұмыс істеуге барған дәрігерлерге 8,5 миллион теңге біржолғы төлемнің төленбей отырғанын сынға алды. Ол бұл мәселе бойынша Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды egemen.kz
Білім • 21 Мамыр, 2025
Ауыл мектебінің түлегі 36 шетелдік университеттен шақырту алды
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты Қапланбек ауылдық округіндегі Қанағат ауылында орналасқан №7 Төле би атындағы жалпы орта мектептің 11-сынып оқушысы Ақжүніс Атахан шетелдің 36 беделді жоғары оқу орнынан шақырту алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 20 Мамыр, 2025
Қазақ жылқысы – ұлттың коды, өркениет жады
Абай елінде I Халықаралық жылқы шаруашылығы жөніндегі ғылыми-тәжірибелік конгресс өтті.
Медицина • 20 Мамыр, 2025
«Саламатты Қазақстан» пойызы жолға шықты
Астанада бүгін «Нұрлы жол» теміржол вокзалында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының жолға шығу салтанаты өтті. Алдағы жарты жыл ішінде аталған пойыз 20 мың шақырымнан астам жол жүріп, 123 шалғай ауыл-стансаларда тоқтап, шамамен 90 мыңнан астам адам медициналық көмек алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Мамыр, 2025
Астанада өткен Ұлттық мектеп лигасының ашылу салтанатында ауыл спортының дамуына серпін берген AUYLSPORT жобасының қатысушыларына – жас спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына Оқу-ағарту министрлігі атынан Алғыс хат табысталды, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 20 Мамыр, 2025
Жамбыл облысында игерілмеген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды
Президент тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында кезінде заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауыл • 19 Мамыр, 2025
Алматы облысында алғаш рет қос функциялы тірек орнатылды
Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылында өңірдегі алғашқы қос функциялы тірек іске қосылды.
Ауыл • 18 Мамыр, 2025
42 елді мекен 2 G-ге жіпсіз байланып отыр
Жамбыл облысында ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету бойынша үздіксіз жұмыс жүргізілсе де, қазіргі күнге дейін 43 елді мекен 2G- телміріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 18 Мамыр, 2025
Шағын наубайхана төрт ауылды нанмен қамтамасыз етеді
Айыртау ауданындағы «Антоновка» ауылында ашылғалы отырған «Ясмина Агро» ЖШС жаңа наубайханасы тәулігіне 500 дана нан пісіріп, «Жұмысшы», «Комаров» және «Лавровка» ауылдары тұрғындарын да ас төресімен қамтамасыз етпек.
Экономика • 16 Мамыр, 2025
Елімізде 5 млн гектардан астам жерге дақыл егілді
Ел өңірлерінде көктемгі егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі осыған дейін 17,1 млн гектар алқапта ылғал жабу, 7,3 млн гектарда тұқым себуге дейінгі өңдеу және 1,9 млн гектарда көктемгі жырту жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 15 Мамыр, 2025
Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Жәрмеңке 17-18 мамыр аралығында Нұрғиса Тлендиев даңғылы, 12а мекенжайында сағат 09:00-19:00 аралығында ұйымдастырылады, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 14 Мамыр, 2025
Қарағандыда сүт фермасы ашылды
Қарағанды облысы Нұра ауданы Көбетей ауылында 1100 басқа арналған сүт-тауар фермасы ашылды. Нысан еуропалық стандарттар бойынша жабдықталған және өңірдегі ең ірі нысандардың біріне айналады, деп жазады Egemen.kz.