П
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында ауыл әкімі мінген көлік аударылып қалды
Алматы облысы Райымбек ауданында қыркүйектің 13-і күні кешкілік ауыл әкімі мінген көлік аударылып, бір адам қаза тапты. Тағы екі жолаушы ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді. Қайғылы оқиға Нарынқол-Сарыжаз автожолында орын алған, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Қыркүйек, 2025
Электр мопедтері мен самокаттарға қатысты жаңа шектеулер енгізіледі
Үкіметтің кезекті отырысында электр мопедтері мен самокаттарды қолдану мәселесіне назар аударылды. Олжас Бектеновтің айтуынша, мұндай көліктер қоғамдық транспортқа түсетін жүктемені азайтқанымен, жол қозғалысы ережелерін сақтамау салдарынан тұрғындарға қолайсыздық туғызып, қауіпсіздікке қатер төндіріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2025
Елді мекендерде жол ережесін бақылауға арналған камералар көбейеді
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдіктеріне Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, елді мекендерде жол ережесін бұзу фактілерін тіркейтін камералар санын арттыруды тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Қыркүйек, 2025
Бектенов әкімдіктерге қауіпті жол учаскелерін дереу реттеуді жүктеді
Үкімет отырысында жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мәселесі талқыланды. Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Жолдауында бұл тақырыпты халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін аса маңызды бағыт ретінде айқындағанын еске салды. Дегенмен қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елде жол-көлік апаттарының саны мен адам шығыны азаймай отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 15 Қыркүйек, 2025
Үкімет басшысы жол апаттарына қарсы нақты шаралар қабылдауды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін қарау барысында жыл басынан бері азаматтардан жол қозғалысына қатысты 30 мыңнан астам өтініш келіп түскенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Қыркүйек, 2025
«Банктер туралы» жаңа заң 2026 жылға дейін қабылданады
Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары қаралды. Құжат 87 іс-шарадан тұрады. Оның негізгі бағыттары туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Қыркүйек, 2025
«Шәкәрім» қойылымы көрермен назарына ұсынылады
19 қыркүйек 19: 00-де Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында «Шәкәрім» қойылымының премьерасы өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қыркүйек, 2025
Таразда жасөспірім сыныптасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Қайғылы оқиға бүгін таңертең № 47 орта мектепте болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2011 жылы туған жасөспірім мектеп дәретханасында сыныптасымен төбелесіп, жарақат алған. Басқа оқушылар оны үйіне алып кеткен, бірақ ол жедел жәрдем келгенше қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Қыркүйек, 2025
Ризабек Айтмұқан әлем чемпионатының алғашқы айналымында жеңіліп қалды
Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан ресейлік балуанға есе жіберді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Қыркүйек, 2025
Қазақстандық жеңіл атлет әлем чемпионатының финалына шықты
Бүгін Токиодағы әлем чемпионаты аясында 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден іріктеу кезеңі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Қыркүйек, 2025
Президент Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтарға арналған цифрлық ортаны қорғау мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 15 Қыркүйек, 2025
Алматы облысындағы қоқыс полигонынан өрт шықты
Алатау қаласындағы Әли ауылы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 15 Қыркүйек, 2025
Бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы көш бастады
Ливерпульде World boxing алғаш рет ұйымдастырған әлем чемпионаты мәресіне жетті. 4-14 қыркүйек аралығында өткен жаһан додасын қазақстандық былғары қолғап шеберлері жалпыкомандалық есепте 1-орынмен түйіндеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Қыркүйек, 2025
Президент бокстан Әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады
Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 14 Қыркүйек, 2025
Президент қазақстандық боксшыларды құттықтады
Президент қазақстандық боксшыларды құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2025
Шымкентте құтқарушылар 5 метрлік шұңқырға құлаған жасөспірімді аман алып шықты
Шымкент қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары атпен бірге 5 метрлік шұңқырға құлап кеткен жасөспірімді құтқарды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 14 Қыркүйек, 2025
Әлем чемпионатының финалына 8 қазақстандық боксшы жолдама алды
14 қыркүйекте Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионатының соңғы күні өтеді. Финалдық кезеңге Қазақстан құрамасынан сегіз спортшы шықты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2025
Көлік тізгінінде қалғып кетпеңіз: полиция жүргізушілерді сақтыққа шақырды
Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдарда рейд өткізіп, жүргізушілермен профилактикалық әңгіме жүргізді. Шара барысында ұзақ жолда шаршаған әрі ұйқылы жүргізушілер ерекше бақылауға алынды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2025
Жол-көлік оқиғалары салдарынан 15 адам қаза тапты
13-нен 14 қыркүйекке қараған түні Қазақстан аумағында екі ірі жол-көлік оқиғасы болып, 15 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Отбасы күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасына құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
ЖОЛДАУ • 13 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындау – ерекше бақылауда
Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген Президент тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 13 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда 28,9 млн тонна мал азығы дайындалды
2025–2026 жылғы қыстақ маусымына дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 13 Қыркүйек, 2025
Сауда саласында 400-ден астам кәсіпкер мемлекеттік қолдау алды
Ішкі сауданы дамыту шараларын іске асыру аясында сауда саласындағы 400-ден астам кәсіпкер мемлекеттік қолдау алды. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі сауда инфрақұрылымын жаңғырту, шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2025
БҚО-да мас күйінде автокөлік айдаған полиция майоры қызметінен қуылды
Орал қалалық полиция басқармасының майоры мас күйінде автокөлік жүргізгені үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда 15 жастағы балуан жаттығудан кейін қайтыс болды
Қазақстанда 15 жастағы балуан жаттығудан кейін көз жұмды. Қайғылы оқиға Ақтөбеде жаттығу кезінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2025
Маңғыстау облысында жол апатынан зардап шеккен екі науқас Астанаға жеткізілмек
Дәрігерлер Маңғыстау облысында автомобиль апатынан зардап шеккен екі әйелдің жағдайын тұрақтандырып, кейін Астанадағы Ұлттық шұғыл медицина орталығының клиникасына жеткізбекші. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.
Әскер • 13 Қыркүйек, 2025
Үздік кинологтар Ұлттық ұланның біріншілігінде анықталады
Петропавл қаласында қызметтік иттерді үйретуші кинологтардың арасында Ұлттық Ұланның біріншілігі өтіп жатыр. Оған республикамыздың 5 өңірінен 20-ға жуық кинологтар қатысуда, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 12 Қыркүйек, 2025
Ақтаудың прокуроры жанжалдан кейін уақытша қызметінен шеттетілді
Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Абдиров қызметтік тергеуге байланысты уақытша қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 12 Қыркүйек, 2025
Азат Перуашев: Әлеуметтік-экономикалық серпіліс пен саяси реформалар – Жолдаудың басты ерекшелігі
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған бастамалар қоғамда кеңінен талқыланып жатыр. Әсіресе әлеуметтік-экономикалық реформалар, цифрландыру және саяси жүйедегі өзгерістер ерекше назарда. Осыған байланысты «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Egemen.kz-ке сұхбат беріп, Жолдаудың ерекшелігі, жасанды интеллект министрлігін құру идеясы және инвестицияларға қатысты ұсыныстар туралы өз пікірін білдірді.