Ар
Төтенше жағдай • 05 Тамыз, 2025
Екібастұздағы көмір кенішінде ер адам биіктен құлап, ауыр жарақаттанды
«Богатырь Көмір» компаниясында ер адам биіктен құлап, ауыр жарақат алды. Оқиға 2 тамыз күні көмір кеніші аумағында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 05 Тамыз, 2025
Болат құбырлар шығаратын зауыттың құрылысы талқыланды
Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов «Tianjin Youfa Group» компаниясы бас директорының орынбасары Ли Сяндунмен және «Hong Kong Friend International Cooperation» компаниясы бас директорының орынбасары Сан Вэнксумен кездесті. Жиында болат құбырлар өндірісі бойынша инвестициялық жобаны іске асыру мүмкіндіктері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 05 Тамыз, 2025
Шалғай ауылдардың 90%-дан астамы интернетпен қамтылады
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун интернетке қол жеткізуі қиын елді мекендерді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың барысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Тамыз, 2025
Жайық арқылы Ресейден 6 млрд текше метрден астам су келген
«Январцево» шекаралық гидробекетінің деректері бойынша, биылғы жылдың алты айында Ресей аумағынан Қазақстанға Жайық өзені арқылы 6,43 млрд текше метрден астам су келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 05 Тамыз, 2025
Алғашқы азық-түлік ваучері Ақкөл қаласына берілді
Үкімет отырысында «BTS Digital» компаниясы директорының міндетін атқарушы Ержігіт Балқыбеков атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін ұсыну бойынша пилоттық жобаны таныстырды. Азаматтардың осал санаттарын атаулы қолдауға бағытталған жоба – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ырықтандыру шеңберінде іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 05 Тамыз, 2025
Енді салықты қарызын қайтармаған клиент есебінен жабуға болады
Еліміздегі қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес, кәсіпкерлер мемлекет алдындағы салық және кедендік берешегін өз контрагенттері, яғни, дебиторлар есебінен өтеу мүмкіндігіне ие. Бұл мүмкіндік 2026 жылы күшіне енетін жаңа Салық кодексінде нақты тетік ретінде қарастырылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 05 Тамыз, 2025
«Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүкті әйелдерді қолдау шаралары кеңейтіліп жатыр. Биыл алғаш рет болашақ аналарға арналған «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылып, әйелдерді 12 түрлі зерттеуден өткізу және жүктілікке дайындау үшін 5,1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Тамыз, 2025
Газаға жіберілген гуманитарлық көмектің 86 пайызы ұрланады – БҰҰ
БҰҰ-ның жаңа деректеріне сәйкес, Газа секторына жіберілген гуманитарлық көмектің шамамен 86%-ы мұқтаж жандарға жетпей, қарулы топтар немесе жергілікті тұрғындар тарапынан ұрланып кетеді, деп хабарлайды Egemen.kz The Fox басылымына сілтеме жасап.
Үкімет • 05 Тамыз, 2025
Шаруаларды сауда желісімен тікелей байланыстыратын агромаркет әзірленеді
Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2025
Астыққа орақ түсуге санаулы күндер қалды
Биылғы «Орақ-2025» қарсаңында Мамлют ауданындағы озық шаруашылықтың бірі - «Мамбетов и К» коммандиттік серіктестігінің базасында облыстық семинар өтті. Ол «Ұлы дала астығы -2025» аталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 05 Тамыз, 2025
Құнанбай Кенесарыға қарсы шапқан ба?
Адамның жақсы иә жаман болмағы ата-анасына, арғы бабаларына тікелей байланысты. «Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған» деп қазақ бекер айтпайды. Хакім Абай да «адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан» болады деп, әке-шеше ұлағатын алдыңғы орынға шығарған. Осылай айтып отырған Абайды да даналық шыңына көтерген бақ дарыған тегі мен ата-ана тәрбиесі екенін білген дұрыс. Оның ішінде Құнанбай қажының Абай дүниетанымына әсері мол. Хакімнің әкесі хақында іргелі еңбектер жазылып, ел назарына жарияланғанымен, оның діни һәм әлеуметтік позициясы туралы екі ұшты пікірлер әлі де кездеседі.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2025
Өскеменде ірі логистикалық фармацевтика хабы ашылды
Шығыс Қазақстан өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін орнықты әрі жоғары технологиялық талапқа сай дамытуда маңызды қадам жасалды. Кеше Өскеменде «Медсервис Плюс» компаниясының заманауи фармацевтикалық логистика хабы ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 05 Тамыз, 2025
Жамбыл облысындағы ауруханаларды реконструкциялауға қаражат бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 05 Тамыз, 2025
«Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың кешенді жоспары бекітілді
Мемлекет басшысының Маңғыстау облысында туризмді дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет «Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың 2025–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 05 Тамыз, 2025
Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының ашылу салтанатына дейін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 05 Тамыз, 2025
Үкімет спортшыларды марапаттауға 372,6 миллион теңге бөлді
Қытайдың Харбин қаласында өткен IX қысқы Азия ойындарында үздік нәтиже көрсеткен отандық спортшыларды қолдау мақсатында Үкімет қаулысымен 372,6 миллион теңге бөлінді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Тамыз, 2025
Ғарышкер Талғат Мұсабаевты жерлеу рәсімі қайда өтеді
Белгілі қазақстандық ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі 6 тамызда өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев «Аваза» конгресс орталығына барды
Президент Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының делегация басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысу үшін «Аваза» конгресс-орталығына барды , деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 04 Тамыз, 2025
Алматыдағы балалар үйінен кетіп қалған қыздар аман-есен табылды
Полиция қызметкерлері мекемеден өз бетімен кеткен балаларды тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысу үшін Түрікменстанға барды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 04 Тамыз, 2025
Алаяқтар ақсулық әйелдің 15 миллион теңгесін үптеп кетті
Ақсу қаласының тұрғыны WhatsApp мессенджері арқылы келген жалған жазбаға сеніп, алданып қалды. Алаяқтар оның депозиттегі ақшасын шешіп, миллиондаған теңге несие рәсімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Тамыз, 2025
ШҚО-да Жас жол инспекторларының слеті басталды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен 3–13 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында Ғазиз Байтасов атындағы Жас жол инспекторларының республикалық 20-шы мерейтойлық слеті бастау алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2025
Павлодар облысында 45 мектепте директор жоқ
Қазір облыс мектептерінің 13 %-да мектеп директорларының орны бос тұр. Олардың басым бөлігі ауылдық және шалғай елді мекендерге тиесілі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 04 Тамыз, 2025
Сауда және интеграция вице-министрі тағайындалды
Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 04 Тамыз, 2025
Астана мектептерінде 100-ден астам кәсіби сынып ашылды
«Жұмысшы мамандықтар» жылы шеңберінде биылғы қаңтар айынын бастап Сервис (тамақтандыруды ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету), дизайн, тігін өндірісі, теміржол көлігі, IT, педагогика, медицина бағыттары бойынша «100 бейінді сынып» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Күрес • 04 Тамыз, 2025
Қазақ балуаны финалдық белдесуден бас тартты
Варшава (Польша) қаласында өткен халықаралық әйелдер күресі турнирінде Қазақстан спортшысы финалға дейін жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2025
Қызылорда облысының егістіктеріне 90,5 пайыз су берілді
Аталған облыс бойынша жалпы су алу көлемі бүгінде 3,03 млрд текше метр (90,5%), ал жоспарланған көрсеткіш – 3,35 млрд текше метр. Қалған 9,5% су суару маусымы аяқталғанға дейін алынады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Тамыз, 2025
Президент: Адамның қадір-қасиеті мен халықаралық құқық бір-бірімен тығыз байланысты
Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығында Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанның бейбіт өмірі мен орнықты дамуы аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша маңызға ие екенін айтты. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Президент • 03 Тамыз, 2025
Президент пен Антониу Гутерриш Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығында сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі осы айтулы іс-шараға қатысқаны үшін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке ризашылығын білдірді. Президент бүгінгі іс-шараның Қазақстан ғана емес, Біріккен Ұлттар Ұйымы үшін де елеулі сипатқа ие екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Партия • 02 Тамыз, 2025
Азат Перуашев: «Ақ жол» демпартиясы еліміздің барлық өңірлерінде өткен сенбілікке қатысты
«Ақ жол» демпартиясы еліміздің барлық өңірлерінде өткен сенбілікке қатысты, деп жазады Egemen.kz.