ат
Білім • 01 Маусым, 2025
Қонаев қаласында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев биылғы оқу жылын табысты аяқтаған дарынды оқушылармен кездесті. Іс-шара үздік нәтижеге қол жеткізген оқушыларды марапаттап, олардың білім мен шығармашылықтағы жетістіктерін атап өту мақсатында ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Балалар • 31 Мамыр, 2025
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күні қандай шаралар өтеді?
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 1 маусымда Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар метромен тегін жол жүретін болады. Бастама мейрам күні балалары бар отбасыларды қолдауға арналған, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдай • 31 Мамыр, 2025
Құлсарыда жарылыстан 2 адам қайтыс болды
Атырау облысының Құлсары қаласында газ құю стансаның маңында жарылыс болды. Жарылыстан зардап шеккен 14 адамның екеуі қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Алматы • 31 Мамыр, 2025
Алматыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсіміне қатысып, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Өнер • 31 Мамыр, 2025
Қазақ музыкатанушылары жайлы еңбектер жарыққа шықты
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен қазақ музыкатануының көрнекті өкілдеріне арналған жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Экология • 31 Мамыр, 2025
Түркістан облысында қалдық полигондарының 70 пайызы талапқа сай емес
Бұл жәйт облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы өңірдегі тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтау полигондарының экологиялық талаптарға сәйкес жұмыс жүргізу бөлігіне талдауы нәтижесінде мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 31 Мамыр, 2025
Су ресурстары ұлттық ақпараттық жүйесінің төрт модулі пилоттық режимде іске қосылды
Білім • 31 Мамыр, 2025
1 маусымнан бастап магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге тіркеу басталады
1 маусымнан бастап магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталады. Тіркелу ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2025 жылғы 8 шілдеге дейін жүргізіледі. Тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Хорватия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичті Хорватия Республикасының Ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Табиғат • 30 Мамыр, 2025
Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа 25 рет түскен
Алматы мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлары жануарларды зерттеу үшін фототұзақтар орнатады және дрон арқылы мониторинг жүргізіп тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 30 Мамыр, 2025
Қазақстан мен Өзбекстан депутаттары бірлескен жұмысты күшейтуге келісті
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов пен Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығару палатасының спикері Нуриддин Исмоилов екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында тараптар сауда, экономика, жасанды интеллект және мәдени-гуманитарлық байланыстар салаларындағы әріптестікті одан әрі нығайту жолдарын қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2025
Павлодар облысында «Innovation» республикалық хакатоны өтті
Павлодар облысында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған «Innovation» республикалық хакатоны өз жұмысын бастады. Ауқымды цифрлық додада 17 өңірден келген жүзге жуық студент жаңа IT-өнімдерді жасап, кәсіби дағдыларын көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Мамыр, 2025
Шавкат Мирзиёев Астанаға ресми сапармен келді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 30 Мамыр, 2025
Мәжіліс депутаты ақылы тонировкаға рұқсат беруді ұсынды
Қазақстанда көліктердің алдыңғы бүйірлік әйнектерін қараңғылауға тыйым салынғанына он жылдан асты. Алайда бұл мәселе қайта күн тәртібіне шықты. Мәжіліс депутаты Олжас Құсбеков бұл тыйымды ақылы негізде заңдастыруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 30 Мамыр, 2025
Астанада 180 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады
Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 30 Мамыр, 2025
Алматыда бұған дейін екі рет егіз тапқан келіншек дүниеге үшем әкелді
Әлбетте, ара-тұра елді елеңдетіп, Алматыда дүниеге үшемдер келіп жатады. Алайда, бұған дейін екі рет қатарынан егіз тауып, бір күнде көп балалы ана атанып шыға келген Эльмираның осы жолы үшемін сирек кездесетін оқиғалар қатарына жатқызуға болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Мамыр, 2025
Конституциялық Сот пен «Бас редакторлар клубы» меморандумға қол қойды
Конституциялық Сот Аппараты мен «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі арасында өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қойылды. Құжат конституциялық бақылау органы мен медиа қоғамдастық арасындағы өзара әрекеттестікті арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 29 Мамыр, 2025
Қазақстанда дәрі өндіру көлемі артты
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан-Франция инвестициялық форумында фармацевтика саласына тартылған инвестиция көлемі екі есеге көбейіп, 91,3 млн АҚШ долларына жеткенін мәлімдеді. 2022 жылы бұл көрсеткіш 46,9 млн доллар болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Мамыр, 2025
Оңтүстік Кореяда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяда әскери-теңіз күштеріне тиесілі патрульдік ұшақ апатқа ұшырап, төрт экипаж мүшесі мерт болды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Мамыр, 2025
Шерзаттың отбасы қомақты өтемақы талап етті
Шерзат Полаттың отбасы сотта айыпталушылардан моральдық зиянды өтеу үшін 660 миллион теңгеден астам өтемақы талап етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 29 Мамыр, 2025
Бүйрекке арналған препарат өндірісі іске қосылды
Алматыда «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» базасында бүйректің созылмалы ауруы (ХБА), жүрек жеткіліксіздігі және 2-типті қант диабетін емдеуге арналған «Форсига» препаратының жергілікті өндірісі жұмысын бастады. Жоба шетелдік инвестормен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Мамыр, 2025
Алматы облысындағы жол апатынан екі адам қаза тапты
Алматы облысында ірі жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан екі адам көз жұмды, алты адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қайғылы жағдай 29 мамыр күні Алматы – Көкпек – Көктал автожолының 32-шақырымында тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Мамыр, 2025
Халық арасында «Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін», «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы», деген нақыл сөздер кең тараған. Бұл байлықтың мәні тек оны иелену емес, пайдалану мен бөлісу екенін көрсетеді деп хабарлайдыEgemen.kz
Оқиға • 29 Мамыр, 2025
Пан Ги Мун еліміздің тәжірибесін өзгелерге үлгі қылды
Астана халықаралық форумында сөз сөйлеген БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы, Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы Пан Ги Мун Қазақстанның климаттық бастамалары мен тұрақты дамуға қосқан үлесіне жоғары баға берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Мамыр, 2025
Биыл қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Биылғы жыл басынан бері 4 427 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған, қандастардың 45,8% – Қытайдан, 40,9% – Өзбекстаннан, 5,4% – Түрікменстаннан, 3% – Монғолиядан, 2,3% – Ресейден және 2,6% – басқа елдерден келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шахмат • 29 Мамыр, 2025
KazChess Awards 2025 жеңімпаздары анықталды
Астанада KazChess Awards 2025 шахмат сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан шахмат федерациясы 2024 жылдың қорытындысы бойынша елдегі үздік шахматшыларды, жаттықтырушыларды, төрешілер мен серіктестерді 14 номинация бойынша марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Мамыр, 2025
Отандық атлет Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 29 Мамыр, 2025
«Абай және Шығыс» монографиясы, «Әмір Темірдің саяси қызметі мен жорықтары» еңбегі жарық көрді
Ғылым ордасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай мектебі және ұлт зиялылары» тақырыбында халықаралық танымдық іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қылмыс • 29 Мамыр, 2025
Атырау облысыда Сағыз ауылындағы атыстан 3 адам жарақат алды
Кеше, 27 мамырда түнде Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында атыс болды. Үш адамға оқ атқан күдікті әлі ұсталмаған, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қылмыс • 28 Мамыр, 2025
Шерзат ісі: Сотқа сенімсіздік туды
Талдықорған қаласында Шерзат Полаттың қазасына қатысты өтіп жатқан сот процесі қызу талқылануда. Іс бойынша басты сотталушы Абзал Шынасылдың адвокаты Жұмат Әбенов бүгінгі отырыста судья Ержан Жанұзақовқа сенімсіздік білдіріп, оны істен шеттету туралы өтініш жасады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.