ат
Аймақтар • 04 Маусым, 2025
Рәміздер мерекесі патриоттық тәрбиенің бастауы
Шымкенттің Шымсити шағынауданында орналасқан биік тутұғыр алаңында еліміздің Рәміздер күні мерекесі аталып өтті. Биылғы мерекенің жөні ерекше болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша жүз метрлік флагштоктың алдында мерекені тойлау биыл бірінші рет болып тұр. Рәміздер күні жыл сайын «Тәуелсіздік» алаңындағы биіктігі 50 метрлік тутұғыр жанында мерекеленетін, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Маусым, 2025
Алматы облысында «Тұғырлы Туым» атты патриоттық акция өтті
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай өткен шара аясында өңірдің барлық аудан-қалаларында бір мезетте Мемлекеттік Ту көкке көтеріліп, елдік пен бірліктің белгісі ретінде ұлықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 04 Маусым, 2025
Әскери оқу орындарының 14 үздік түлегі офицерлік шен алды
Елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде жоғары әскери оқу орындарының 14 үздік түлегі Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицерлік шен алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Маусым, 2025
Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толады - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде биыл мемлекеттілігіміздің берік тірегі – Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толатынын еске салып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Инватакси қызметіне өзгерістер енгізіліп жатыр
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметі 2025 жылдың басынан бастап Астана мен Алматы қалаларында 182,2 мың рет көрсетілген, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Маусым, 2025
Арулар Азия чемпионатында алты жүлде алды
Оңтүстік Кореяның Куми қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Сары құрлықтың мықтылары жиналатын жарыста Қазақстан құрамасы алты жүлдеге қол жеткізіп, жалпы есепте төртінші орынға табан тіредік. Алдымызда Китай (19 алтын+ 9 күміс+ 4 қола), Үндістан (8+9+6) және Жапония (5+11+12), деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 03 Маусым, 2025
Ғалымдар экологияны қалпына келтірудің тың әдісін ұсынды
Сәтбаев университетінің бір топ жас ғалымдары гипераккумуляторлық өсімдіктер мен микоризияларды қолдана отырып, ашық тау-кенжұмыстары салдарынан бұзылған жерлерді рекультивациялау процесін қарқындатудың тың әріэкологиялық тәсілін әзірлеуде. Бұл бастама еліміздің шөлді және шөлейтті аймақтарында ауыр металдармен ластанған жерлерді қалпына келтіру ісінде жаңа кезеңнің бастамасы болмақ, деп жазады Egemen.kz.
Жеңіл атлетика • 03 Маусым, 2025
Кристина Овчинникова алтын медаль еншіледі
Қазақстанның жеңіл атлетика құрамасының мүшесі Кристина Овчинникова Грекияның Ханья қаласында өткен халықаралық турнирде биіктікке секіру бойынша алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 03 Маусым, 2025
Сенатта энергетикалық инфрақұрылым туралы заң таныстырылды
Бүгін Сенатта 2025–2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы таныстырылды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 03 Маусым, 2025
Астана көшелерінің біріне армян ғалымының аты беріледі
Астана қалалық мәслихатында қаладағы атаусыз көшелердің біріне армян ғалымы, тілтанушы әрі армян әліпбиінің негізін қалаушы – Месроп Маштоцтың есімін беру мәселесі бойынша қоғамдық талқылау өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 03 Маусым, 2025
Қазақстанда мемлекеттік сатып алу мерзімі қысқартылды
Үкімет отырысында қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мемлекеттік сатып алу мерзімдерін қысқарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Бұрын конкурс өткізу және жеңімпазды анықтау процесі шамамен екі айға созылса, қазір бұл мерзім едәуір қысқарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 03 Маусым, 2025
Шерзат Полат ісі бойынша үкім шығатын күн белгілі болды
Бүгін Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі сот процесінде төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақов үкім 5 - маусым, сағат 16: 00-де жарияланатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 03 Маусым, 2025
Алматы облысында шегірткеге қарсы күрес жалғасып жатыр
Аталған облыс аумағында шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғау шаралары 14 мамырдан басталып, науқан жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Маусым, 2025
Қазақстан мәдениетінде өшпес із қалдырған көрнекті жазушы, ақын, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері Адольф Арцишевский дүниеден озды, деп жазады Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 03 Маусым, 2025
Астанадағы автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы ауыр
Астанада автобус жол апатына ұшырап, 15 адам зардап шекті. Үшеуі ауруханаға жатқызылды, біріне аяқ ампутациясы жасалды деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Маусым, 2025
Дархан Сатыбалды Алматыдағы әлеуметтік нысандарды тексерді
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Әуезов ауданы аумағында орналасқан бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 03 Маусым, 2025
Жаздың алғашқы күндерінде екі жасөспірім суға батып кетті
Павлодар және Ақтөбе облыстарында 16 жастағы екі жасөспірім суға батып, қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 03 Маусым, 2025
Алматыда Қытай Ұлттық музейі жауһарларының көрмесі өтеді
5 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қытай мәдениетінің інжу-маржандарына арналған бірегей көрме ашылады. «Қытай өнерінің ой-мақсаттары – Қытай Ұлттық көркемөнер музейінің жауһарлары» атты бұл көрмеде Қытайдың ХХ–ХХI ғасырдағы белгілі суретшілерінің 50-ге жуық туындысы көпшілік назарына ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Маусым, 2025
Азия бәсекесіне баратын гимнастар анықталды
Спорттық гимнастикадан ерлер арасында Азия чемпионаты – Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 02 Маусым, 2025
Колледж студенттері арасында республикалық жарыс өтті
Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Оқу-ағарту министрлігі, Павлодар облысы әкімдігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Talap» КЕАҚ және «Astana Hub» халықаралық технопаркінің қолдауымен ұйымдастырумен «INNOVATION» республикалық хакатоны өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Маусым, 2025
Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық жол апатынан қаза тапты
Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі ресми түрде растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Маусым, 2025
Нарықты тұрақтандыру: көкөністер арзандады, инфляция бақылауда тұр
Биыл мамыр айында тұтыну бағаларының айлық индексі баяулай түсіп, 0,9% құрады (сәуірде-1,2%). Ақылы қызметтердің бағасы 1,3%, азық-түлік тауарлары – 0,9%, азық-түлік емес тауарлар 0,6% өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Маусым, 2025
Қазақстан халқының саны 20,3 миллионға жетті
2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 353 265 адамды құраған. Жыл басынан бері ел халқы 69,8 мың адамға артқан. Оның 63,4 мыңы – табиғи өсім, ал 6,3 мыңы – көші-қон есебінен тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Маусым, 2025
Қарағандыда 40 жетім бала баспанаға ие болды
Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде 40 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға көптен күткен баспана берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Маусым, 2025
Үш ел «Бахри Точик» су қоймасын бірлесіп пайдаланады
Душанбеде, мұздықтарды қорғау жөніндегі халықаралық конференция аясында ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ Тәжікстан мен Өзбекстанның су ведомстволары басшылары биылғы маусым айынан тамызға дейін «Бахри Точик» су қоймасын бірлесіп пайдалану жөніндегі хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 02 Маусым, 2025
Алматыда газ жарылып, бір адам қаза тапты
Алматы қаласындағы Шапағат шағынауданында орналасқан жеке тұрғын үйде газ жарылысы болды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 02 Маусым, 2025
Қазақстандық қос каратэші әлемнің жыл үздігі атанды
Марокко астанасы Рабатта каратэден Премьер-лига санатындағы жылдың қорытынды турнирі аяқталды. Биылғы 4 жарыс нәтижесі бойынша рейтингте көп ұпай жинаған екі отандасымыз үздік спортшыға берілетін Grand Winner аталымына ие болды, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 02 Маусым, 2025
«Қазақстан балалары» онкүндігіне 5 миллионнан астам бала қатысқан
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елімізде алғаш рет кең ауқымды «Қазақстан балалары» атты онкүндігі өтіп, аптаның әр күні балалық шақтың маңызды тақырыптарына – қауіпсіздік, шығармашылық, білім беру және тағы басқа салаларға арналды. Онкүндік Оқу-ағарту министрлігі мен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің шолу ақпаратына сілтеме жасап.
Оқиға • 02 Маусым, 2025
Шерзат ісі: Прокурор айыпталушыларға жаза сұрады
Жетісу облысында 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Маусым, 2025
Мүгедектікті белгілеу өтінімдерін сырттай қарау жалғасып жатыр
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырған болатын. Аталған тапсырманы орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп 20 өңірде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.