П
TOKYO2020 • 29 Шілде, 2021
Қазақстан спортшыларының екінші легі Токиоға ұшып келді
Қазақстандық олимпадашылардың тағы бір тобы Алматыдан Токиоға ұшып келді, деп жазады Egemen.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Шілде, 2021
Жол-көлік оқиғасы қай маусымда жиі болады?
ҚР ҰЭМ статистика Комитетінің мәліметтеріне сәйкес, өткен жылдың ішінде 13 515 жол-көлік оқиғасы болған. Жол апаты күзде жиі болады, жазда және қыста - сирек. Ал көктем айларында аз тіркелген. Бұл туралы Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Шілде, 2021
Ливанның солтүстігінде балқарағайлы орман өртеніп жатыр
Ливанда да бірнеше жерде орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Білім • 29 Шілде, 2021
Биыл бірінші сыныпқа 300 мыңға жуық бала барады
Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің деректеріне сүйенсек, биылғы оқу жылында 300 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады. Қазіргі кезде мектептерге қабылданған өтініштер көрсеткіші шамамен осындай, деп жазады Egemen.kz.
TOKYO2020 • 29 Шілде, 2021
Токио Олимпиадасы: Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы тағы жеңілді
Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Токио Олимпиадасында екінші рет жеңілді, деп хабарлайды Egemen.kz Olymic.kz сайтына сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 29 Шілде, 2021
Токио Олимпиадасында академиялық есуден жартылай финал аяқталды
Академиялық есуден қазақстандық спортшы Владислав Яковлев Токио Олимпиадасының жартылай финалына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Шілде, 2021
Алаяқ әйел Орал тұрғынының 12 миллион теңгесін ұрлаған
Орал қаласында алаяқтың құрбаны атанған әйел адам 12 миллион теңгесінен қағылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 28 Шілде, 2021
Токио-2020: Милад Карими спорттық гимнастикадан көпсайысты аяқтады
Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Милад Карими Токио Олимпиадасындағы көпсайыс финалында бақ сынады деп жазады Olympic.kz.
Коронавирус • 28 Шілде, 2021
Еліміздің мектептері Ashyq жүйесіне қосыла ма?
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова жаңа оқу жылының басынан бастап мектептерде Ashyq қосымшасын пайдалану мүмкіндігі туралы мәселеге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2021
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 9 адам зардап шекті
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік жүргізушісі мен сегіз жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Шілде, 2021
Алматыда кімдер ПТР-тестілеуден тегін өте алады?
Бұл сұраққа бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев жауап берді. Ол тегін ПТР тестілеуден жүкті әйелдердің, науқаспен байланыста болғандардың және клиникалық белгілері бар тұлғалардың тегін өтулері қарастырылғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Шілде, 2021
Педагогтарымыз әлемдік сыйлықтарға лайық – Е. Мәжитов
Қазақстандық педагогтардан «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығына құжаттар қабылдаудың жабылуына екі аптадан астам уақыт қалды. Жобаны өткізу тарихы жайлы «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры» ЖҚ төрағасы Ермек Мажитов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 28 Шілде, 2021
Тарбағатай ұлттық паркі 9 мың гектарға қысқарады
«Республикалық маңызы бар Тарбағатай мемлекеттік табиғи қаумалының (зоологиялық) аумағын азайту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы дайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2021
Қарағандыда 13 тұрғынды алдап кеткен алаяқ ұсталды
Өзін ІТ-технологиялар саласындағы маман ретінде таныстырып, қаланың 13 тұрғынынан ақша ұрлаған ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Шілде, 2021
Павлодар облысында есірткі сатты деген күдіктілер ұсталды
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Павлодар қаласында арнайы-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде облыс аумағында гашиш өткізді деген күдікті 30 және 36 жастағы екі ер адам ұсталды, деп жазады Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Шілде, 2021
Степноргорск ауылдарында төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін
Степноргорск қаласының дауылдан зардап шеккен Изобильный және Бестөбе ауылдарында төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін, Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл үшін қала әкімдігінің келісім күтіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Шілде, 2021
Жыл басынан бері еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
2021 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 564 кәсіпорнында 14,4 мың жұмыскердің алдында 3,4 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Әлем • 28 Шілде, 2021
Жапонияда вирус жұқтыру бойынша антирекорд тіркелді
Жапонияда COVID-19 жұқтырудың жаңа жағдайлары бойынша антирекорд тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 28 Шілде, 2021
Боксшы Бекзат Нұрдәулетов Олимпиаданы аяқтады
Бокстан Токио Олимпиадасында Қазақстан командасының үздігі Бекзат Нұрдәулетов жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 28 Шілде, 2021
Қалалардың үстінен ұшақтар дезинфекция жүргізетіні рас па?
What‘sApp мессенджерінде Қазақстанда 24 шілде мен 4 тамыз аралығында COVID-19 өршиді. Осыған байланысты қалалардың үстінен ұшақтар дезинфекция жүргізетіні туралы хабарлама таратылуда, деп хабарлайды Stopfake.kz.
TOKYO2020 • 28 Шілде, 2021
«Күшім жетпеді»: Серік Теміржанов Олимпиада ойындарын аяқтады
Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Серік Теміржанов Токиодағы Олимпиада ойындарын аяқтады, деп жазады Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 28 Шілде, 2021
Коронавирус пен пневмониядан 92 адам қайтыс болды
Қазақстанда соңғы тәулікте 81 адам коронавирус инфекциясынан, тағы 11 адам пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 28 Шілде, 2021
Оқулықтағы олқылық: Сын мен шын
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында еліміздегі оқулықтардың сапасы сын көтермейтінін айтқан еді. Президент аталған мәселені шешу үшін Үкіметке кітапты әзірлейтін азаматтардың жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан реттеп, сапасыз оқулық дайындағандарды жауапқа тартуды тапсырған болатын.
Абай • 28 Шілде, 2021
Әлемдік деңгейдегі ақыл-парасат иесі ұлы Абай даналығы мәңгілікке бағдар берер дара парасатымен баурап алады. Баурап алып қана қоймай, көзге шұқып көрсетеді, көңілге тоқытып діттетеді. Тіршілік әлемінің сан тарау сырларына бойлатып, құпия қырларын аңғаруға жол сілтейді. Ақындық қасиеті айқындалып, өлең-жырлары ел арасына кең тарай бастаған кезден-ақ бір өлеңі, бір сөзі кәдеге жарамай қалған жері жоқ екені көпке аян. Әр сөзі, әр ойы, әр ісі халық көңіліне берік ұялаған қалыпта даналықпен сабақтасып, жылдар жылжыған сайын тереңдеп, уақыт өткен сайын биіктеп бара жатқаны кәміл. Әлихан Бөкейханның 1903 жылы «Киргизский край» атты кітапқа кірген қазақтың тарихы мен рухани өмірі жайлы зерттеу [С. Қирабаев. Абайтану ғылымының тарихынан. Кітапта: Қазіргі Абайтанудың өзекті мәселелері. – Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002, 21 б.] мақаласынан басталып, толассыз даму үстіндегі Абайтану әлемі қазақ әдебиеттану ғылымының ең іргелі саласына айналған ұлы ақын шығарашылығының әлі де ашылмай жатқан сансыз қыры бар екені күмәнсіз.
TOKYO2020 • 28 Шілде, 2021
«Қазақтың салмағы» кімге бұйырады?
Олимпиаданың төртінші жарыс күні де артта қалды. Үш күн бойы күніне бір-бір қоладан алып, «қолабек» атанған қазақстандықтардың арасынан «алтынбекті» алаңдап күтудеміз. Алтыннан дәмеленетін жөніміз де бар. Әлемдік рейтингте үздік ондықта тұрған таэквондошы Руслан Жапаров пен Азия ойындарының күміс жүлдегері Жансель Дениз және өзінің екінші Олимпиадасында бақ сынауға келген дзюдошы Дидар Хамза секілді спортшылар алтынға бастар жолды біледі деп сендік. Сөйтсек...
Туризм • 28 Шілде, 2021
Туристік қызметті жандандырады
Орталық коммуникациялар қызметінде Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Ержан Еркінбаев және Қазақстан туроператорлар қауымдастығының басшысы Инна Рейдің қатысуымен «Туристік қызмет туралы заңнамаға қабылданған өзгерістер туралы» арнайы жиын өтті.
Ауыл • 28 Шілде, 2021
Мал-жанның тағдыры бұйрықпен шешілмейді...
Маусым айының орта шенінен бастап, Қазақстанның батыс аймақтары қуаңшылық қыспағында қалып қойғаны, малдың-өлім жітімі туралы ақпараттар тек әлеуметтік желілерде ғана емес, ресми басылымдарда да ашық айтыла бастады. Қуаңшылықтан қанша мал басының өлгені туралы ресми ақпарат пен әлеуметтік желілерде айтылған деректер арасында қарама-қайшылық көп. Ресми ақпарат күні бүгінге дейін 2 мыңдай малдың аштан өлгенін айтса, әлеуметтік желілер одан да көп дейді.
Қазақстан • 27 Шілде, 2021
Жоғалып-табылғандардың әлегі жетерлік
«Таксиші жоғалды» дегенге жұрт елең ете қалады. Өйткені осы кәсіптің адамдарына әне бір жылдары жиі қастандық жасалып, өлі денелері жиі табылатын. Бұл жолы да сондай оқиға емес пе екен деп петропавлдық тәртіп сақшылары өре түрегелген.
Таным • 27 Шілде, 2021
Ұрпақтар сабақтастығы қалай сақталады?
Шетелдік ғалымдар ұсынған «ұрпақтар теориясы» деген ұғыммен бұрыннан таныспыз. Түрлі ұрпақ ұстанатын құндылықтар, ұқсастықтар мен ерекшеліктер сол дәуірдегі саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдаймен һәм технологияның дамуымен байланысты. Өсіп келе жатқан жас буынды түсініп, жылы қарым-қатынас орнату қашанда оңай шаруа емес. Алайда олар ер жетіп, қоғамның бар бөлігіне айналғанда санаспауға болмайтыны анық.
TOKYO2020 • 27 Шілде, 2021
Талабы ерек Босқындар құрамасы
Төртжылдықтың басты бәсекесінде Босқындар құрамасы да бақ сынауда. Отанындағы қиын жағдайларға байланысты туған елінен кетуге мәжбүр болған спортшылар биыл бөлек одақ құрып, өнер көрсетіп жатыр.