ат
Спорт • 16 Маусым, 2025
Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті
Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Маусым, 2025
Қазақ триатлеттері Бурабайдағы халықаралық жарыста топ жарды
Осы айдың 14-15 күндері Бурабай кентінде (Ақмола облысы) триатлоннан халықаралық жарыс өтіп, оған Қазақстан, Беларусь, Чехия, Германия, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Эстония, Түркия, Өзбекстан, Жапония елдерінен 120-дан астам спортшы қатысты. Қазақ триатлеттері Бурабайдағы халықаралық жарыста жарқырады: үш алтын және жасөспірімдер арасында толық подиум. Турнир World Triathlon халықаралық федерациясының құрлықтық күнтізбесі аясында өтті және Азия мен әлем чемпионаттарына дайындықтың маңызды кезеңі болды. Жарыс жолдары көлдер мен ормандар арқылы өтті, сөйтіп, әділ әрі әдемі жарыс үшін тамаша жағдай жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Маусым, 2025
Үндістанда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі табылды
Үндістаннан Лондонға бағыт алған Air India AI171 ұшағының ұшу мәліметтерін жазу құрылғысы мен ұшқыштар кабинасындағы әңгімелерді жазатын құрылғы табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 16 Маусым, 2025
Медицина мамандары марапатталды
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде Ұлытау облысының медицина саласының дәрігерлері марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Маусым, 2025
Стратегиялық зерттеулер институтына жаңа директор тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Маусым, 2025
Мемлекеттік қызметшілер citizensec.kz платформасында киберсауаттылық бойынша оқудан өтеді
Маусым айының соңына дейін ҚР орталық мемлекеттік органдарының қызметкерлері citizensec.kz порталында арнайы онлайн-оқудан өтіп, цифрлық қауіпсіздік деңгейін арттырады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 15 Маусым, 2025
Сақтандыру компаниясы қос аяғынан айрылған балаға жедел төлем жүргізді
Алматыдағы сақтандыру компаниясы Астанада орын алған жол апатынан зардап шеккен баланың отбасына тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру аясында 19,66 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемін жүзеге асырды. Өйткені, автопарктің жауапкершілігі «Евразия» сақтандыру компаниясына жүктелген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Маусым, 2025
Қостанайда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті
14 маусы күні кешке Костанай қаласында ауыр жол апаты тіркелді. Оқиға Темірбаев пен Әл-Фараби көшелерінің қиылысында, теміржол вокзалы маңында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 15 Маусым, 2025
Батыстағы үш облыста браконьерлерге 21,5 млн теңге айыппұл салынды
Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында «Бекіре – 2025» кеңауқымды балық қорғау акциясы аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 15 Маусым, 2025
Алматылықтардың өтінішімен мердігерлерге бақылау күшейтілетін болды
Алматы қаласның әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданындағы әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын аралап, «Нұршашқан» шағын ауданында қала әкімі ауызсу, кәріз және электр желілері бойынша инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен, сондай-ақ «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында абаттандырылып жатқан «Нығмет» скверіндегі жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 14 Маусым, 2025
Ақыл-ес ауытқушылығын анықтау мен емдеудің Ұлттық стратегиясы қабылданды
Алматыда неврология бойынша XXVI ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, Қазақстан мен көршілес елдердің жетекші ғалымдары неврологиялық ауруларды диагностикалаудың заманауи әдістері мен емдеудіңжаңа тәсілдерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 14 Маусым, 2025
Қонаев қаласында медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік шара өтті
Қонаев қаласында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Бұл тек мереке емес, өңір денсаулығын дамытудағы нақты нәтижелердің көрінісі болып табылуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 14 Маусым, 2025
Алматыда метро құрылысын бақылайтын штаб құрылатын болды
Бүгін Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қазір салынып жатқан «Қалқаман» жаңа метро бекетінің құрылыс барысын тексерді, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 14 Маусым, 2025
Шаруаларға мемлекеттік қолдау көрсету қажет
Шаруашылығы өркендеген Шеңгелдіге арнайы атбасын бұрған Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов бірнеше шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 13 Маусым, 2025
Астанада елдің ең үздік медицина қызметкерлері марапатталды
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Астанада еліміздің денсаулық сақтау саласының үздік өкілдерін мемлекеттік және салалық марапаттармен марапаттау рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 13 Маусым, 2025
Әбиба Әбужақынова алғаш рет әлем чемпионатының финалына өтті
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Будапештте өтіп жатқан әлем біріншілігінде алтын жүлде үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК мәліметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 13 Маусым, 2025
Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Алматы облысында жедел жәрдем көлігінің қатысуымен қайғылы жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиға 11 маусым күні Алматы – Өскемен тас жолының 75-шақырымында орын алған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Маусым, 2025
Ақмола облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
2025 жылдың 12 маусымына қараған түні Ақмола облысында Астана – Ерейментау – Шідерті бағытындағы тас жолда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 13 Маусым, 2025
Ұлттық құндылыққа құрылған жазғы демалыс
9 ай оқып, тоқыған баланың ой-санасын сергіту, жаңа оқу жылына серпінді әзірлеу жаз демалысын жайлы өткізумен ұштасып жатыр. Осындай маңызы орасан, мәні терең кезеңді ұлттық құндылықтар негізінде ұйымдастыру екі есе ұтымды болмақ. Астана қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі сапалы демалыстың осы тұсына айрықша ден қойған. Мектеп жанынан құрылған лагерьде балалар тынығып қана қоймай белсенді еңбекке араласып, бабадан балаға жеткен өнегелі өмір сүру дағдыларын бойына сіңіріп жатыр.
Туризм • 13 Маусым, 2025
Мароккодан мотоциклмен шыққан саяхатшы Түркістанға жетті
Түркі әлемінің рухани орталығы саналатын Түркістанға келуді мақсат еткен 67 жастағы Марокко азаматы табандылық танытқан. Мотоциклмен бірнеше елдің жерін басып өткен ол кешегі күні киелі қалаға табан тіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Маусым, 2025
«Атырау» ФК екі легионермен келісімшартты бұзды
Футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, шетелдік ойыншылармен жасалған келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 13 Маусым, 2025
Медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
Тараз қаласындағы Баласағұн атындағы ОКЗ-да медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті. Іс-шараға қатысқан өңір басшысының бірінші орынбасары Нұржан Календеров сала мамандарына құрмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Маусым, 2025
Үндістандағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 294-ке жетті
Үндістанда орын алған ауыр әуе апаты салдарынан 294 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 12 Маусым, 2025
ТүркПА төрағалығын Қазақстан қабылдады
Бүгін Астанада Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) XIV пленарлық отырысы өтті. Бұл жиын «TURKTIME: парламенттік дипломатияның рөлі» тақырыбында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Маусым, 2025
Президент Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Маусым, 2025
Атыраулық компаниялар мұнай қалдықтарын заңсыз төккен
Атырау облысында Karabatan Utility Solutions және IDOS Services компанияларының мұнай қалдықтарын заңсыз төккені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Маусым, 2025
Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Air India әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Үндістандағы Ахмедабад әуежайынан көтеріле салысымен апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 12 Маусым, 2025
Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты
Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, салдарынан бір адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 12 Маусым, 2025
«Абай еліне саяхат» жобасы басталды
Семейде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында Әлихан Бөкейхан Университетінің бастамасымен «Абай еліне саяхат» жобасы қолға алынды. Бұл туралы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 12 Маусым, 2025
Аграрлық университет активтері мемлекет меншігіне қайтарылады
Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Amanat» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің көшпелі жиыны өтті. Шара барысында ғасырға жуық тарихы бар оқу ордасының активтерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.