Қытай
Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2024
Қытайда «Алтын адам және ұлы дала» халықаралық көрмесі ашылды
Бүгін, 30 қыркүйекте Қытайдың Тяньцзинь қаласының музейінде «Алтын адам және Ұлы дала» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараны ҚР Ұлттық музейі Қытайдың Мәдени жәдігерлер орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Көрменің ашылуына Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 27 Қыркүйек, 2024
Қазақстаннан Қытайға астық экспорты 6 есеге жуық артқан
Дәстүрлі түрде еліміздің астық пен оны қайта өңдеу өнімдері үшін негізгі өткізу нарықтары Орталық Азия, Ауғанстан, Иран және Қытай елдері болып қала береді. Сонымен қатар соңғы үш жылда ҚХР-ға астық жүктерінің экспорты 5,7 есе өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2024
ҰАО сарапшылары Қытайда өрт қауіпсіздігіне қатысты тағылымдамадан өтті
Ұлттық аккредиттеу орталығының сарапшылары Сычуань провинциясының Чэнду қаласындағы CNAS ҚХР аккредиттеу органында, өрт қауіпсіздігі бойынша ISO/IEC 17020 стандартына арналған тағылымдамадан өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Қыркүйек, 2024
QazTrade сауда өкілдігін Шаньдун провинциясында ашу ұсынылды
ҚХР-ға жұмыс сапары барысында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Шаньдун провинциясының Халық үкіметі төрағасының орынбасары Сун Цзюнцзимен кездесіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің негізгі мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2024
«Бір белдеу, бір жол»: Ұлы Жібек жолын жандандыру идеясы өзекті
Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов бастаған қазақстандық делегация Гонконгта «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында өткен 9 саммитке қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 27 Тамыз, 2024
151 грант: Қазақстан азаматтары Қытайда тегін білім алады
Ғылым және жоғары білім министрлігі Қытайдың жоғары оқу орындарында грант негізінде оқу мүмкіндігіне ие болған ел азаматтарының тізімі анықталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 27 Тамыз, 2024
Қытай Ұлттық ядролық корпорациясы АЭС-тың жаңа технологияларын ұсынды
Астанада өткен «ҚазАтомЭкспо» Халықаралық ядролық энергетика көрмесінде Қытай Ұлттық ядролық корпорациясының (CNNC) вице-президенті Чао Ган мырза атом энергетикасы саласындағы қазіргі атқарылып жатқан жобалардың негізгі аспектілерін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 24 Тамыз, 2024
ҚТЖ Қытайдан Қазақстанға автомобиль тасымалдай бастады
"Қазақстан Теміржолы" ұлттық компаниясы Қытайдан Қазақстанға автомобиль тасымалдауды жүзеге асыруда, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 21 Тамыз, 2024
Қытайда шахта апатынан жеті адам қаза тапты
Сычуань провинциясында (Оңтүстік-Батыс Қытай) көмір шахтасында болған апат салдарынан жеті кенші қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Әлем • 12 Тамыз, 2024
Қытайда алты адамды найзағай соғып, қаза тапты
11 тамызда Чанчжоудағы саябақта найзағай соғуы салдарынан алты адам қаза тауып, он адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Тамыз, 2024
«Қарызсыз қоғам» сарапшылары Қытайдың кедейлікті азайту тәжірибесімен танысты
«AMANAT» партиясының делегациясы Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды және онда ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кедейлікті азайту орталығының жұмыс тәжірибесін зерттеді. Орталық өзінің инновациялық тәсілдерімен және осы саладағы маңызды жетістіктерімен танымал. Делегация құрамында «Қарызсыз қоғам» жобасының сарапшылары да болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 02 Тамыз, 2024
74 жастағы зейнеткер Қытайға жаяу жол тартты
74 жастағы зейнеткер марафоншы Сәрсенбай Қотырашев Астана қаласынан бастау алған Ресей - Моңғолия - Қытай бағыты бойынша кезекті сапарына аттанды. Қария бұл сапарын Астана қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпелілер ойынының құрметіне арнаған. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін қарияның әр саяхаты көпке үлгі болары анық, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Шілде, 2024
Димаш Құдайберген «Singer 2024» байқауында ән шырқайды
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген қытайлық Хунань телеарнасының «Singer 2024» вокалдық байқауының финалында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Шілде, 2024
Қытайлық компания елімізде ағынды суларды тазарту қондырғыларын орнатуға ниетті
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бірқатар қытайлық ірі компания өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 04 Шілде, 2024
Шанхай ынтымақтастық ұйымына енді Қытай төрағалық етеді
4 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы аясында атқарылған жұмыстардың қорытындысы жөнінде баяндады. Ол ШЫҰ-ға барлық қатысушылардың белсенді қолдауының арқасында Қазақстанның төрағалық ету кезеңінде түрлі деңгейдегі 150-ге жуық іс-шара өткізілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 04 Шілде, 2024
Ұлттық ғылым академиясы мен Шэньчжэнь университетінің бірлескен зертханасы ашылады
Алматыда Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Шэньчжэнь университеті арасындағы бірлескен зертхана ашу туралы келісімге қол қойылды. Салтанатты іс-шара С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде өтті.
Президент • 03 Шілде, 2024
Екі ел басшылары жаһандық мәселелер бойынша пікір алмасты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздер барысында мәдени-гуманитарлық байланысты және туризм саласындағы ықпалдастықты күшейтуге баса назар аударылғанын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Шілде, 2024
Елімізде Қытай капиталының үлесі бар кәсіпорындар саны 5 мыңға жуықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасымен бірге мемлекеттер арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты бекемдей беретініне назар аударып, бүгінгі келіссөз нәтижелері соның айқын дәлелі екенін айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм • 03 Шілде, 2024
2025 жылы Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы өтеді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келесі жылы Қазақстанда Қытай туризмі жылын өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 03 Шілде, 2024
Қазақстан Қытайдың бейбіт бастамаларын қолдайды - Қасым-Жомарт Тоқаев
Шағын құрамдағы келіссөзден кейін Қазақстан Президенті мен ҚХР Төрағасы екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 03 Шілде, 2024
Қазақстан мен Қытай басшылары Транскаспий дәлізі арқылы алғашқы көлік керуенін аттандырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Транскаспий дәлізі арқылы Қытай-Қазақстан-Еуропа бағытындағы алғашқы көлік керуенін салтанатты түрде аттандырды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Шілде, 2024
Қытай Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 02 Шілде, 2024
Қытайдан Қазақстанға келген туристер саны 400 мыңға жуық өсті
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ҚХР Мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен кездесті. Тараптар кездесу барысында туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Шілде, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин достық рәуіште кездесу өткізді
Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин кешкі ас форматында достық рәуіште кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 02 Шілде, 2024
Олжас Бектенов қытайлық CNPC компаниясының басшысымен кездесті
Премьер-министр Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасы Төрағасының мемлекеттік сапары аясында Қазақстанға келген China National Petroleum Corporation (CNPC) Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 02 Шілде, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің елдеріміз ұлы жетістіктердің бастауында тұр»
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Синьхуа» ақпараттық агенттігіне сұхбат берді. Egemen.kz сұхбаттың қазақ тіліндегі нұсқасын ұсынады.
Президент • 01 Шілде, 2024
Президент Қазақстан-Қытай арасындағы көлік бағытын дамытуға қатысты бірқатар заңға қол қойды
2024 жылдың 1 шілдесінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 01 Шілде, 2024
Қазақстанның 4 қаласында террористік қауіптің «сары» деңгейі белгіленеді
Елордада 2-5 шілде аралығында бірқатар маңызды іс-шаралар мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі мен Қытай Халық Республикасы Төрағасының мемлекеттік ресми сапары өтеді деп жоспарланған. Осыған орай Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларының тұрғындарына үндеу жасады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Маусым, 2024
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға келеді
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер • 23 Маусым, 2024
«Талақ» фильмі Шанхай кинофестивалінде үздік шықты
Қазақстандық тағы бір көркем туынды халықаралық кинофестивальде топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz.