хан
Оқиға • 22 Мамыр, 2025
Емші ер адамды балғамен ұрып, омыртқасын сындырған
Емшінің емінен кейін аяғы ұйыған 50 жастағы Шымкент тұрғыны сол күні кешкілік ауруханаға шұғыл жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 21 Мамыр, 2025
Алматыда мектеп жанындағы лагерьлерде дайындық жұмыстары басталды
Оқу жылы аяқталғаннан кейін 200-ден астам мектеп жазғы лагерьлерге балаларды қабылдауға дайындық жасалып жатыр.
Ғылым • 21 Мамыр, 2025
Университет кітапханасы жаңғыртылды
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде кітапхана қызметін жаңғырту бағытында бірнеше жоба жүзеге асырылды.
Оқиға • 21 Мамыр, 2025
Сәтбаев университетінің жатақханасы заңсыз сатылған
Алматы қаласы Түрксіб ауданының прокуратурасы «Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ-ның мүлкіне қатысты заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 19 Мамыр, 2025
Ақын Мұхтар Шаханов шымкенттіктермен жүздесті
Шымкент жұртшылығы Қазақстанның еңбек ері, халық жазушысы Мұхтар Шахановпен кездесті. Іс-шара Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде өтті. Кездесудің аталған оқу орнында өтуі тегін емес. Себебі М.Шаханов қазақ поэзиясындағы дарынды тұлға болумен қатар осы университеттің байырғы түлегі саналады.
Құрылыс • 18 Мамыр, 2025
Абай облысында аурухана іргетасы қаланды
Медициналық қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру, халықтың денсаулығын жақсарту – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екені Мемлекет басшысының әр Жолдауында айтылып келеді. Осы ретте Абай елінің көптен көкейінде жүрген облыстық аурухана салу мәселесін шешілетін болды.
Кино • 17 Мамыр, 2025
Қазақстанда Жошы хан дәуірі туралы ауқымды сериалдың түсірілімі аяқталды
Жошы хан мен Алтын Орданың құрылуына арналған «Алтын империя» тарихи сериалының түсірілім кезеңі ресми түрде аяқталды.
Медицина • 16 Мамыр, 2025
Павлодарда қалалық перзентхана жабылады
Санитарлық тексеріс нәтижесі бойынша перзентхана ғимараты апатты деп танылған. Емдеу мекемесі толығымен облыстық перинаталдық орталыққа көшіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Мамыр, 2025
Түркістанда «Мақамы бөлек Мархабат Байғұт» халықаралық симпозиумы өтті
Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, түркі жұртының да сүйікті жазушысына айналған рухани тұлға, көркем сөздің хас шебері, көсемсөзде көшбастаған Мархабат Байғұттың туғанына - 80 жыл. Жазушының мерейтойы Түркістан облысы мен Шымкент қаласында кең көлемде аталып өтіп жатыр. Мерейтой аясында жыл басынан бері түрлі мазмұнды мәдени-әдеби іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін осындай шаралар легі «Мақамы бөлек Мархабат Байғұт» атауымен Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2025
Отбасы құндылықтарын сақтаудың тарихи моделі қандай?
15 мамыр – халықаралық отбасы күні. Мемлекетті құраушы институттың негізіне айналған отбасы күнін атап өту Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен бекітілген. Бүгінде Қазақстанда 6,2 миллионнан астам отбасы бар, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 14 Мамыр, 2025
Ақтөбелік кітапхана халықаралық байқаудың жүлдесін жеңіп алды
Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Мәскеудегі Маргарита Рудомино атындағы бүкілресейлік шетел әдебиеті кітапханасы ұйымдастырған «Премия Рудомино» халықаралық байқауында «Достастық елдерінің үздік халықаралық жобасы» жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 12 Мамыр, 2025
Қош бол, ақиқаттың алдаспаны: Алматылықтар Темірхан Медетбекті жер қойнына тапсырды
Қазақстанның халық жазушысы Темірхан Медетбек те келместің кемесіне мініп кете барды. Сексенді алқымдап дүние салған ақын Алматыдағы Кеңсай зиратында жерленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Мамыр, 2025
UFC: Бекзат Алмахан қарсыласын 64 секундта нокаутқа түсірді
Қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) шебері Бекзат Алмахан UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Мамыр, 2025
Темірхан Медетбек ғибратты ғұмырын ұлт руханиятына арнаған ақын еді - Президент
Мемлекет басшысы ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Темірхан Медетбектің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады
Әдебиет • 10 Мамыр, 2025
Қазақстанның халық жазушысы Темірхан Медетбек дүниеден озды
Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Темірхан Медетбек дүниеден озды. Қаралы хабарды Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов жариялады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Бокс • 04 Мамыр, 2025
Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік боксшыларының қатарына енді
Қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы әлем бойынша ең мықты 20 боксшының қатарына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Boxingscene.com жариялаған мәліметке сүйене отырып.
Қылмыс • 03 Мамыр, 2025
Тіс емханасына ұрлыққа түскен адам ұсталды
Полиция қызметкерлері Тараздағы тіс емханаларының біріне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады. Тексеру кезінде 35 жасар азаматтың бұрын сотты болғаны анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Ғани Бейсембаев оқушылардың шағымына жауап берді
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әлеуметтік желілерде Алматы облысындағы мектептерге қатысты тараған шағымдарға орай пікір білдірді. Шағымда оқушылар өз құқықтарының бұзылып жатқанын және мектеп асханаларында санитарлық талаптардың сақталмайтынын айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 30 Сәуір, 2025
Алматыда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған көрме ашылды
Алматыдағы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқаны бар елдің шоқтығы биік» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 30 Сәуір, 2025
Панфилов ауданында төрт емхана ашылды
Жетісу облысының шекаралық Панфилов ауданында төрт ауыл — Алмалы, Қырыққұдық, Тұрпан және Ақжазықта жаңа дәрігерлік амбулаториялар ашылды. Бұл нысандар 9 мыңға жуық тұрғынға заманауи медициналық қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапат • 30 Сәуір, 2025
Тілеухан Қабдрахманов «Достық» орденімен марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүзеге асыруға, шет мемлекеттермен достық қарым-қатынастардың орнатылуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекет қайраткері, дипломатиялық қызмет ардагері Тілеухан Қабдрахманов І дәрежелі «Достық» орденімен наградталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Денсаулық • 30 Сәуір, 2025
Маңғыстауда 400 оқушы уланды: кәсіпкерге қатысты сот үкімі шықты
Маңғыстаудағы мектеп асханасынан уланған балалардың ісі бойынша кәсіпкерге қатысты соттың үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Сәуір, 2025
Қытайда мейрамханада шыққан өрттен 22 адам көз жұмды
Бүгін Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляоян қаласында мейрамханада өрт шығып, 22 адам қаза тапты. Тағы үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 29 Сәуір, 2025
Биыл ауылдарда 12 аурухана пайдалануға беріледі
Бүгін Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 26 Сәуір, 2025
Онкология орталығының жаңа ғимараты ашылды
Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының медицина мамандары бұрыннан озық технологияларды пайдаланады. Дәрігерлердің біліктілігі жағынан да көп орталықтан көш ілгері. Енді, міне, озық орталықтың жанын ашылған тағы бір зәулім ғимарат еліміздің онкологиялық ауруларды емдеудегі тәжірибесін молайтады.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
Жас кітапханашылардың тұңғыш хакатоны өтті
Еліміздің барлық өңірлерінен келген үздік жас кітапханашылар Алматыда бас қосты. Alatau Creative Hub орталығында өткен іс-шарада жас мамандар кітапхана саласын дамытудың әлемдік тәжірибесі, өзекті мәселелері мен бүгінгі өрісі туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 24 Сәуір, 2025
Биологиялық белсенді қоспалардың сапасына бақылау күшейтіледі
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағындағы биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) айналымының сапасы мен қауіпсіздігіне бақылау шараларын күшейтетінін мәлімдеді. Бұл қадам халықтың денсаулығын сақтау және тұтынушыларды сапасыз немесе қауіпті өнімдерден қорғау мақсатында қолға алынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 24 Сәуір, 2025
Қабірхана бөлмесінің есігі қалпына келтірілді
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Қабірхана бөлмесінің есігі Алматыдағы «Қырым аралы» ғылыми реставрациялық зертханасының көмегімен қайта қалпына келтірілді.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2025
Атырауда студенттер жатақханасы құлады
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, апатты деп танылған №2 жатақхананың 5 қабатты ғимараты 1972 жылы салынған. Мұнда 2023 жылдың 1 ақпанынан бері студенттер тұрмайды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2025
Қонаевта күрделі жөндеуден кейін кітапхана пайдалануға берілді
Заманауи талапқа сай жөндеуден өткен кітапхана «Ұлттық кітап күні» мерекесі аясында оқырман игілігіне берілді, деп жазады Egemen.kz.