улы
Медицина • 20 Мамыр, 2025
Жедел жәрдемнің бағытын онлайн бақылауға болады
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде жаңа цифрлық бастама қолға алынды. Денсаулық сақтау министрлігі Астана қаласының әкімдігімен және Yandex Qazaqstan компаниясымен бірлесіп, елорда тұрғындарына шақырылған жедел жәрдем көлігінің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін қанатқақты жобаны іске қосты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Мамыр, 2025
Ел мектептерінде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі
Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова білім беру ұйымдарына арналған Тамақтанудың жаңа стандарты мен үлгілік перспективалық мәзірді таныстырды. Бұл құжаттар Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша әзірленген және 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2025
Петропавлда 30 жастағы жігіт канистрден дәнекерлеуші лампаға бензин құйып жатқанда отқа оранып, денесінің 90 пайызы күйікке ұшырады.
Спорт • 19 Мамыр, 2025
Қазақстан тарихындағы ең жас гроссмейстер
14 жасар ақтаулық Эдгар Мамедов – Қазақстанның шахмат тарихындағы ең жас гроссмейстер ретінде тіркеліп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 18 Мамыр, 2025
Қазақстанда 120 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді
Бүгінде елімізде 120 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы (бұдан әрі – БҰӨО) жұмыс істейді, оның 57-сі қалаларда және 63-і ауылдарда орналасқан. 2024 жылы орталықтардың қызметін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттерден бөлінген жалпы қаражат көлемі 5,9 млрд теңгені құрады. Биыл бұл мақсатқа 6,7 млрд теңге қарастырылған.
Денсаулық • 16 Мамыр, 2025
ЖИТС: Жамбылда 4 айда 44 жағдай тіркелген
Жамбыл облысында жұқтырылған иммун тапшылығы дертіне шалдыққандардың саны осы жылдың алғашқы төрт айында 44-ке жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 16 Мамыр, 2025
Адам папиллома вирусы қандай ауру
Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар арасында адам папиллома вирусы (АПВ) әлемде ең кең тараған вирустың бірі саналады. Оның кейбір түрлері онкологиялық ауруларға, соның ішінде жатыр мойны обырына себеп болуы мүмкін. Бұл туралы бізге Қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Жұлдыз Әлпіламқызы айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Әйел әлемі • 16 Мамыр, 2025
Астанада репродуктивті денсаулық мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті
15 мамырда Астанада Репродуктивті денсаулық апталығы аясында дәрігерлер, сала мамандары, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері мен журналистердің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті.
Қоғам • 15 Мамыр, 2025
Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясының қолдауымен осы айдың 12-16 күндеріне ұйымдастырылған республикалық репродуктивті денсаулық апталығында қоғам үшін өзекті әрі маңызды мағлұматтар кеңінен беріліп жатқаны мәлім. Сол орайда Ұлытау облыстық ЖИТС-тың алдын алу орталығының психологы Гүлнұр Беспаевамен әңгімелескен едік, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 14 Мамыр, 2025
Ташкенттен ем-дом алса да, шипасын Шымкенттен тапты
Әдетте күрделі ауру болса бізде шетелге барып ем қабылдап жатады. Әсіресе еліміздің оңтүстігіндегі халық жақын тұрған Ташкентке барып емделгенді жөн көреді. Алайда жақында Шымкентте керісінше жағдай орын алды. Ауру жанын мазалаған азамат Қазақстаннан тысқары жерде емделгісі келген бірақ та ол жақтардан шипа таппай ақырында өзіміздегі ауруханада емделіп жазылып шыққан.
Медицина • 14 Мамыр, 2025
Ерлер емделуді әлсіздік деп қабылдамауы керек - дәрігер
Ер-азамат – отбасының қорғаны, ұлтының ұстыны. Алайда соңғы жылдары бөріктілердің денсаулығы алаңдатарлық деңгейге түсті. Жүрек аурулары, белсіздік, психикалық күйзеліс, қатерлі ісіктер – мұның бәрі ер адамның өмір сапасын ғана емес, қоғамның да ынтымағын ыдырататын факторлар. Дәрігерлер бұл мәселеге әлеуметтік тұрақтылыққа тікелей ықпал ететін кешенді құбылыс ретінде қарап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 13 Мамыр, 2025
Шұғыл медицинаны дамытудың тұжырымдамалары талқыланды
Елордада Еуразиялық шұғыл медицина қоғамдастығының III съезі шеңберінде «Шұғыл медицинаны дамытудың заманауи тұжырымдамалары мен перспективалары» атты халықаралық конференция өтіп жатыр. Оған ТМД елдері мен жақын шет мемлекеттерден жетекші медициналық сарапшылар, клиницистер, зерттеушілер мен профессорлар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 13 Мамыр, 2025
Әйелдер ауруының алдын алудың амалдары қандай
Елімізде 12 мамырда денсаулық апталығы басталды. Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ұйытқы болған шаралар легі маңызды 4 бағытты қамтиды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 13 Мамыр, 2025
Алматыда Жастар денсаулық орталығына келушілер саны артып келеді
Алматы қаласында репродуктивті денсаулықты сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, жастардың сапалы дәрігерлік және әлеуметтік көмекке қол жеткізуі едәуір жақсарған. Бұл туралы қалалық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Жадыра Ахметова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 12 Мамыр, 2025
Отбасын жоспарлаудың артықшылығы неде
Елімізде 12–16 мамыр аралығында өтетін Репродуктивтік денсаулық апталығы – дені сау ұлт қалыптастыру жолындағы маңызды қоғамдық бастама. Бұл күндері барлық өңірінде халықтың жыныстық және репродуктивтік сауаттылығын арттыруға бағытталған ауқымды ақпараттық-ағартушылық шаралар ұйымдастырылып жатыр. Жастар мен болашақ ата-аналарға арналған кездесулер, дәрістер мен кеңестер арқылы еліміз ертеңі саналатын жас ұрпақтың денсаулығын қорғауға бір қадам жақындай түседі, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 12 Мамыр, 2025
Алматыда 14 орталық жастарға тегін көмек көрсетеді
Президенттің жанындағы Ұлттық комиссияның қолдауымен мамыр айының 12-16 аралығында Қазақстанда республикалық репродуктивті денсаулық аптасы өтпек. Бұл бастамаға Алматы да қосылды. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы мәслихатының депутаты, әкімнің гендерлік мәселе жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Айгүл Шалбаева Алматы бұл акцияны қолдап қана қоймай, үлкен іс-шаралар да өткізетінін атап айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 12 Мамыр, 2025
Елімізде 12-16 мамырда репродуктивті денсаулық апталығы өтеді
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook парақшасында, Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Аңсаған сәби» бағдарламасы репродуктивті денсаулық саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлігіне айналғанын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 11 Мамыр, 2025
Көктемгі аллергиядан қорғану жолдарын біле жүріңіз
Көктем келіп, табиғат оянған шақта ауада өсімдіктерден бөлінетін тозаңның мөлшері артады. Бұл көптеген адамдарда аллергиялық әсер тудыруы мүмкін. Аллергия симптомдарын жеңілдету үшін мамандар бірнеше тиімді кеңес ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 10 Мамыр, 2025
Өмірін сақтады: ұландықтар ұстамасы бар қызды құтқарып қалды
Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері кезекті рет кәсібиліктері мен кез келген сәтте көмекке келуге дайын екендіктерін дәлелдеді. Оқиға Салтанат сарайы маңында орын алды. Автобус аялдамасынан келе жатқан жас қыз кенеттен өзін жайсыз сезінген.
Медицина • 05 Мамыр, 2025
Жүрек ырғағы орталығы пациенттерді қабылдай бастады
Елдегі аритмологиялық қызметті дамыту мақсатында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының құрылымында Жүрек ырғағы орталығы өз жұмысын бастады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға • 05 Мамыр, 2025
Сара Назарбаева ауруханаға жатқызылған
Бүгін Сара Алпысқызы Назарбаеваның ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды. Бұл ақпаратты «Қазақстан жетімдер үйлері түлектері қауымдастығы» ЗТБ президенті Рафаэль Гасанов растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 04 Мамыр, 2025
Денсаулық сақтау министрлігі мен «АстраЗенека» мәмілеге келді
Лондонда өткен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының 11-ші отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «АстраЗенека» халықаралық биофармацевтикалық компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 03 Мамыр, 2025
Көкшеде күн енді жылына бастаса да, кене шағудың 76 дерегі орын алды. Былтыр 415 оқиға тіркелген екен. Демек, кенеден келетін кесапат аз болмайтын сыңайлы.
Медицина • 01 Мамыр, 2025
Бүгіннен бастап жедел жәрдем шақырудың ережесі өзгерді
Бүгіннен бастап жедел жәрдем шақырудың ережесі өзгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 30 Сәуір, 2025
Қазақстанда ерлерге арналған жаңа екпе түрі енгізілуі мүмкін
Елімізде тағы да бір екпенің түрі пайда болды, деп хабарлады Egemen.kz.
Медицина • 29 Сәуір, 2025
Медқызметтерге ҚҚС мөлшері 5 пайызға дейін төмендейді
2026 жылдан бастап Қазақстанда бірқатар дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге қосымша құн салығының 5% төмендетілген мөлшерлемесін белгілеу жоспарланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Сәуір, 2025
Министр Руслан Берденовтің жағдайы туралы мәлімдеді
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Сәуір, 2025
Астанада Гедеон Рихтер ұйымдастырған денсаулық марафонына 50 қария қатысты
28 сәуір күні Астанадағы Ботаникалық бақта егде жастағы азаматтарға арналған «Денсаулық жолы: жүрек пен ми саулығы» атты скандинавиялық жүріс марафоны өтті. Іс-шара Гедеон Рихтер Қазақстан компаниясы мен Есіл ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Медицина • 28 Сәуір, 2025
Мойын ісігімен туған нәрестеге ота жасалды
Алматы перзентханаларының бірінде 23 наурыз күні құрсаққа біткеніне 34 апта толған ер бала сирек кездесетін, туа бітті кеселмен дүниеге келген еді. Сәбидің мойнының оң жағында үлкен кистозды лимфангиомасы болған. Онымен қоса тыныс алу және жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігі де ісіктің асқынуына себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 26 Сәуір, 2025
Онкология орталығының жаңа ғимараты ашылды
Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының медицина мамандары бұрыннан озық технологияларды пайдаланады. Дәрігерлердің біліктілігі жағынан да көп орталықтан көш ілгері. Енді, міне, озық орталықтың жанын ашылған тағы бір зәулім ғимарат еліміздің онкологиялық ауруларды емдеудегі тәжірибесін молайтады.