кен
Мәдениет • 26 Маусым, 2025
Отандық режиссер Аустрияға шақырылды
«Астана Опера» режиссері Еренбақ Тойкенов 2 шілдеден 31 тамызға дейін опера өнері әлеміндегі жетекші халықаралық жобалардың бірі – Аустриядағы Вена опералық фестиваліне шақырту алды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 25 Маусым, 2025
Шымкентте жасалған дәрі-дәрмек енді шетелде сатылады
Шымкентте дәрі-дәрмек өндіретін «Химфарм» АҚ жаңа тауарлық бренді Еуропалық Одақтың GMP сертификатын таныстырды. Бұл құжат кәсіпорынның өндірісі халықаралық сапа стандартына толық сәйкес екенін растайды. Және келешекте отандық дәрі-дәрмек экспортын әлемдік нарықтарға шығаруға кең жол ашады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 25 Маусым, 2025
Жүрек орталығы тағы бір азаматқа жаңа өмір сыйлады
Шымкент қаласының Жүрек орталығында үшінші рет жүрек алмастыру операциясы өтті. Донорлық жүрек мегаполисте мұғалім болып жұмыс істейтін 41 жастағы азаматқа салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 25 Маусым, 2025
Шымкент тұрғындарына тегін құқықтық қызмет көрсетілді
«Халық заңгері» – елімізде бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан ауқымды құқықтық жоба. Бұл акцияның бірегейлігі – кез келген азамат еш кедергісіз, алдын ала жазылмай-ақ кәсіби мамандардан тегін кеңес ала алады. Аталған акция Шымкентте жалғасын тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Маусым, 2025
Шымкентте 24 жастағы келіншек үшем босанды
Шымкенттің 24 жастағы тұрғыны Феруза Рахимова алғашқы жүктілігінде үшем — екі ұл мен бір қызды дүниеге әкелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Маусым, 2025
Павлодарда тәрбиеші балаларға қатыгездік көрсеткен
Павлодар қаласындағы №116 балабақшада тәрбиешінің екі жасар балаларға қатыгездік көрсеткені белгілі болды. Оқиға бейнебақылау камераларынан байқалған. Бұл туралы Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Маусым, 2025
Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері
Апталық шолу ақпаратты сала министрлігі жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 23 Маусым, 2025
Қазақстандық жастар Ташкентте өткен форумға қатысты
2025 жылғы 16-18 маусым күндері Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының III Диаспора жастары форумы ұйымдастырылды. «Шекарасыз мұра: болашақты қалыптастыратын диаспораның жас көшбасшылары» атты форумға Қазақстаннан «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының өкілдері де қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Маусым, 2025
Прокурор «Тәшенев тартуы» білім гранты иелерімен кездесті
Шымкент қаласының прокуроры, үшінші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, генерал Ғабит Мұқанов, Жұмабек Тәшенев университетінде оқып жатқан «Тәшенев тартуы» білім гранты иегерлерімен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Маусым, 2025
Шымкентте үш кәсіпорын іске қосылды
Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық және «Жұлдыз» индустриалық аймақтарында үш өндіріс орны ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 19 Маусым, 2025
Шымкенттің үздік трансплантолог-дәрігері
Шымкент республиканың медициналық туризм орталығы саналады. Қалада трансплантология саласы қатты дамыған. Бауыр-бүйрек алмастыру операциясы өте көп жасалады. Соның арқасында қаншама науқас өмірін сақтап қалып жатыр. Осы еңбектің артында білікті тәжірибелі дәрігерлер, орта медициналық мамандар тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 19 Маусым, 2025
Шымкент соты дәмханаларға қатысты шешім шығарды
Шымкент қаласында сот шешімімен кезінде заңсыз жекешеленіп кеткен жерлер мемлекетке қайтарылып, ал ондағы құрылыс нысандары сүріліп жатыр. Мәселен қаланың қақ ортасындағы «Қиял әлемі» саябағы мемлекетке өтіп, ондағы коммерциялық нысандар заңсыз деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Маусым, 2025
Шымкентте үздік тауар өндірушілер марапатталды
Шымкентте «Қазақстанның үздік тауары – 2025» өңірлік байқау-көрмесі мен «Бір ауыл – бір өнім» жобасы көрме-байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқауды ұйымдастырған қалалық әкімдік пен кәсіпкерлер палатасы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Маусым, 2025
Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағалы біраз жұмыс атқарылып жатыр. Соның аясында Астанада «Алтын Гефест» тау-кен металлургия өнеркәсібінің салалық байқауы биыл 15-ші рет ұйымдастырылып, онда еліміздегі тау-кен металлургия саласындағы адал азаматтар марапатталған. Солардың бірі — Күлкен Дагилова, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Маусым, 2025
Өткен апта ішіндегі спорттық жетістіктер
Өткен аптада отандастарымыз спорттың жеті түрі бойынша жетістіктерге жетті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 13 Маусым, 2025
«Созақ» кен орнында газ өндіру жобасы талқыланды
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Hong Kong Sino-Science Oil and Gas Co., Ltd. (Geo-Jade Petroleum) компаниясының президенті Ван Вэньтаомен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Кәсіпкер • 12 Маусым, 2025
Қайтарымсыз грант кімдерге берілмейді
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту Қазақстан үкіметі алға қойған негізгі мақсат пен басым бағыттардың бірі. Осыған байланысты биыл Шымкент қаласында 260 азаматқа 400 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр. Бұл сома – 1 млн 572 800 теңгені құрайды. Өтінім қабылдау республика көлемінде 21 мамыр мен 3 маусым аралығында портал арқылы онлайн түрде өткен болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Маусым, 2025
Шымкентте баланы ұрған тәрбиеші қамауға алынды
Баласының денесінен көгерген іздер мен жарақаттарды байқаған анасы полицияға арыз жазған. Кейін ата-аналар бейнебақылау жазбаларын талап етіп, онда тәрбиешінің балаға дөрекі, қатыгез әрекет жасағаны анық көрінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Маусым, 2025
Жәмилә Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады
Біріккен күрес әлемінің (UWW) әйелдер арасындағы жаңартылған рейтингі жарияланды. Рейтингтің 72 келі көрсеткішінде отандасымыз Жәмилә Бақбергенова бірінші болды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Маусым, 2025
Өткен аптадағы спорттық жетістіктер
Қазақстан спортшылары өткен аптада спорттық гимнастика, жеңіл атлетика және теннис ойындары бойынша жарқын жеңістерге қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 09 Маусым, 2025
Қазақстанның шикізат нарығындағы позициясы нығайып келеді
Қазақстан жаһандық шикізат нарығында өз позициясын нығайтып, тұрақты даму, цифрландыру және пайдалы қазбаларды барлау мен қайта өңдеуге инвестиция тарту бағытын ұстануда, деп жазады Egemen.kz.
Шымкент • 07 Маусым, 2025
Шымкентте мүгедек такси жүргізушіні тонағандар сотталды
Шымкентте есту және сөйлеу қабілеті бұзылған жүргізушіге шабуыл жасаған екі ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 05 Маусым, 2025
Азаматтарды кене шағу дерегі көбейген - ДСМ
Осы жылдың басынан бастап Қазақстанда кене энцефалитінің 17 жағдайы тіркелген. Денсаулық сақтау министрлігі бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 жағдайға көп екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 04 Маусым, 2025
Шымкентте алтын сатушыға ақша бергендер сан соғып қалды
Елімізде жылдан жылға қаржы пирамидалары саны көбейіп барады. Олар артыңнан адам кіргізсең жылдам табыс табасың деп халықты алдап, сеніміне кіріп бар ақшасын қағып алып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 03 Маусым, 2025
Шымкентте жемқорлық қылмысы тыйылмай тұр
Жемқорлық – қоғам дерті деп бекер айтпайды. Өйткені ол елдің дамуын тежейді. Адам санасында бәрін ақша шешеді деген ой қалыптасса және ол нақты іспен көрінсе қоғамда әділдік, сенім жоғалады. Жемқорлық араласқан қызмет те жұмыс та сапасыз болады. Ал одан жапа шегетін қарапайым халық пен мемлекет. Сондықтан парақорлықпен күрес әр азаматтың міндеті болуға тиіс және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік мәдениеті қалыптасуы керек, деп жазады Egemen.kz.
Шымкент • 01 Маусым, 2025
Шымкентте полицейлер әлеуметтік-ағартушылық жобаны іске қосты
Шымкентте полицейлер әлеуметтік-ағартушылық жобаны іске қосты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Қазақстан мен Италия бірлескен мәлімдеме қабылдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони келіссөздер қорытындысы бойынша Стратегиялық серіктестікті кеңейту жөнінде Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 29 Мамыр, 2025
Руслан Берденовке оқ атқан күдіктінің ісі сотқа жолдануы мүмкін
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасау дерегі бойынша ұсталған Е. Жиенбай екі айға қамауға алынды. Қылмыстық іс 21 маусымда сотқа жолдануы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 28 Мамыр, 2025
«Қиял әлемі» көзден ғайып болды
Шымкентте ширек ғасырдан астам халыққа қызмет көрсеткен аттракциондар паркі «Қиял әлемі» саябағы қызметің біржолата тоқтатты, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға • 28 Мамыр, 2025
Елордада Кенесары көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 27–29 мамыр аралығында Кенесары көшесінің Ә. Сембинова мен Е. Брусиловский көшелері арасындағы бөлігінде жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.