бала
Жасанды интеллект • 21 Шілде, 2025
Илон Маск балаларға арналған ЖИ жасамақ
Әлемдегі ең ауқатты адам әрі технологиялық жаңашыл Илон Маск балаларға бейімделген жасанды интеллект жасауды қолға алғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 21 Шілде, 2025
Көлсайға саяхат: Жетісулық балалар үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды
2025 жылғы 12 шілдеде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Human Resources Kazakhstan» жеке мекемесі Жетісу ауданының демалыс орталықтарында тәрбиеленіп жүрген балалар үшін Көлсай көліне танымдық экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Шілде, 2025
Алматыда пойыздың төбесіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты
Алматы-2 станциясында жасөспірім пойыздың төбесіне өз бетімен шығып, тоқ соғып жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Шілде, 2025
Павлодарда 9 жасар бала тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлап кетті
Қазір жасөспірім Павлодар облыстық балалар ауруханасында жатыр, жағдайы ауыр, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 18 Шілде, 2025
Қанша ескертілгенімен, терезеден құлайтын балалардың саны азаяр емес, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 18 Шілде, 2025
Семейде балалар темір жолы істеп тұр
Семей қаласында араға жиырма жылдан астам уақыт салып, қайта жанданған балалар темір жолы істеп тұр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 17 Шілде, 2025
Жетісуда бірінші сыныпқа 13 мыңға жуық бала қабылданады
Жетісу облысында 2025-2026 оқу жылына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытқа дейін ата-аналардан балаларын бірінші сыныпқа қабылдау үшін 9717 өтініш түскен. Бұл — өңір бойынша жаңа оқу жылы қарсаңындағы үлкен белсенділікті байқатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 16 Шілде, 2025
200 мыңнан астам бала Келешек мектептерінде оқып жатыр
Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба – ел болашағына жасалған инвестиция, яғни әрбір бала заманауи, жайлы әрі шабыттандыратын ортада білім алуға мүмкіндік алады. Жоба аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған. Бүгінде 122 мектеп құрылысының аяқталуы нәтижесінде 200 мыңнан астам оқушы қамтылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 15 Шілде, 2025
ШҚО-да бір жастағы бала шеге жұтып қойған
ШҚО-дағы Шемонаиха ауданында бір отбасы үлкен қайғылы жағдайдан аман қалды, деп хабарлады Egemen.kz.
Медицина • 15 Шілде, 2025
Елімізде ана мен бала өлімі азайған
Биылғы бес айдың қорытындысы бойынша өлімнің бірқатар көрсеткіштерінің төмендеуі және балалар мен аналарға медициналық көмек көрсету тиімділігінің өсуі байқалған. Осылайша, ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) деректеріне сәйкес, сәбилер өлімінің көрсеткіші 26,3%-ға, алты айда ана өлімі 9,7%-ға төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 15 Шілде, 2025
Қайтарылған активтер есебінен 400-ден астам әлеуметтік жоба қаржыландырылды
Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев елге заңсыз шығарылған активтерді қайтару және осы қаражат есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыс туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Шілде, 2025
Жоғалып кеткен 10 жасар бала тау жоталарынан табылды
Алматы облысы, Кеген ауданының полицейлері мен құтқарушылары аяғынан тік тұрып, түні бойы Ақтасты ауылы маңындағы таулы аймақта жоғалған 10 жастағы баланы іздестіріп, аман-есен тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Шілде, 2025
Атырауда 9 жасар баланың үстіне электрлі мотоцикл құлады
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқыс оқиға 13 шілдеде тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Шілде, 2025
Жазғы лагерьдің жауапкершілігі жоғары
Жаз мезгілі – балалар үшін асыға күтетін демалыс кезеңі. Мектептің соңғы қоңырауы соғылған сәттен бастап олардың көбі ауылға ата-әжесінің қолына барады, кейбірі қосымша табыс табуға тырысады, ал біразы жазғы лагерьлерде демалуды жөн көреді. Бірақ бұл кезең ата-аналар үшін демалыс емес. Керісінше, баласының қауіпсіздігі мен пайдалы тынығуы үшін алаңдайтын, жауапкершілігі күшейетін уақыт. Осы орайда еліміздегі балалар лагерьлерінің жай-жапсары, қолжетімділігі және сапасы қоғам назарындағы маңызды мәселенің бірі болып отыр.
Оқиға • 11 Шілде, 2025
Қазақстанда 100 мыңға жуық бала балабақшаға кезекте тұр
Қазақстанда 2-ден 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылу деңгейі 92,2%-ды құрайды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Майра Мелдебекова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Шілде, 2025
Он жасар баланы иттен құтқарған азаматқа құрмет көрсетілді
Осыдан он шақты күн бұрын Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында 10 жасар Максим Головачевті иттер талап, бала ауыр жарақат алғаны белгілі. Оқиға орнына құзырлы органдар келгенше дер кезінде жеткен ауыл тұрғыны Серікбек Сақайбаев өміріне төнген қауіпті елемей, итке қарсы тұрып, оны бейтараптандырып, баланы өлім аузынан арашалап қалды. Бұл – нағыз азаматтық батылдық пен шынайы ерліктің үлгісі, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Шілде, 2025
СҚО-да 22 ірі инвестициялық агрожоба іске асырылады
Аталған жобаларға 17 млрд теңге инвестиция құйылған. Өңір әкімінің мәліметінше, жоспарланған нысандардың ішінде 7 мың бас ірі қара малға арналған жылына 47 мың тонна литр сүт құрайтын 11 сүт-тауар фермасы бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Шілде, 2025
Семейде балық аулап отырған жасөспірімді аяусыз ұрып-соққан
Абай облысының Семей қаласында 4 шілде күні су жағасында балық аулап отырған жасөспірімге бірнеше адам шабуыл жасап, соққыға жыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 02 Шілде, 2025
Балабақша балалары мінген көлік автобусқа соқтығысқан
Қызылорда қаласында бүлдіршіндерді балабақшаға тасымалдап бара жатқан жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, салдарынан бірнеше адам жарақат алды. Оқиға орнында анықталғандай, «Chevrolet Cobalt» маркалы көліктің ішінде балабақшаның екі қызметкері мен төрт бала болған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Шілде, 2025
Алматы облысында он жастағы баланы ит талаған
Оқиға Алматы облысына қарасты Жалпақсай ауылындағы футбол алаңындардың бірінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 30 Маусым, 2025
Жазғы демалыстағы ата-ана мен баланың қарым-қатынасы
Жазғы демалыс – балалар үшін жай ғана мектептен босайтын уақыт емес. Бұл – оқу мен бағалардан, әлеуметтік қысым мен эмоциялық ауыртпалықтан аз уақытқа болса да демалатын сәт. Мектеп кезінде балалар тек сабақ емес, спорт, музыка, достарымен қарым-қатынас, үй тапсырмалары сияқты сансыз міндеттерді арқалап жүреді. Ал бұл күйзеліске, мазасыздыққа, кейде тіпті ұзақмерзімді депрессияға дейін ұласып кетеді. Сондықтан жаз бала үшін ғана емес, ата-ана үшін де үлкен мүмкіндік, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Маусым, 2025
Әр балаға 233 доллардан аударылды - Қаржы министрі
Қаржы министрі Мәди Такиев «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында әрбір қазақстандық балаға қанша қаражат аударылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 25 Маусым, 2025
Балалар 44 мыңнан астам экологиялық іс-шараға қатысқан
Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ата-аналар, педагогтер, оқушылар бірлесіп білім беру ұйымдарында 44 мыңнан астам іс-шара өткізген. Оның ішінде жаппай ағаш отырғызу, экологтар, өлкетанушылар мен натуралистер форумдары, экожобалар конкурстары және еріктілер акциялары бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 24 Маусым, 2025
Жамбылда 193 мыңнан аса бала жазғы демалыспен қамтылды
Жамбыл облысында 2025 жылғы жазғы демалыс маусымында 1–10 сыныпта оқитын 217 757 оқушының 193 071-і (88,6%) жазғы сауықтырумен қамтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Маусым, 2025
Құтқарушылар балаларға ТЖ кезіндегі қауіпсіздік шараларын үйретеді
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайларда әрекет етуге үйретуге бағытталған балалар лагерлерінде ауқымды оқыту іс-шараларын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Маусым, 2025
Павлодарда тәрбиеші балаларға қатыгездік көрсеткен
Павлодар қаласындағы №116 балабақшада тәрбиешінің екі жасар балаларға қатыгездік көрсеткені белгілі болды. Оқиға бейнебақылау камераларынан байқалған. Бұл туралы Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Маусым, 2025
Қызылорда облысында жыл басынан бері 14 адам суға кеткен
Шомылу маусымы басталғалы бері облыстық төтенше жағдайлар департаменті, білім басқармасы мен қала әкімдігінің қызметкерлерінен жасақталған топтар профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Олар каналдар мен су айдындарына рейд ұйымдастырып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Маусым, 2025
«Қазақстан балалары»: елімізде арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр
Қазақстанда әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгін құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісі отырысындағы сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Маусым, 2025
Семейде жоғалған бала аман-есен табылды
Семей қаласында 7 жастағы баланы іздеуге бағытталған ауқымды операция сәтті аяқталды. 2018 жылы туған Аманғали Бекболатты полицейлер орман алқабынан тапты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Маусым, 2025
Спортты, әсіресе балалар мен жастар арасында кеңінен насихаттау – ұлт денсаулығының кепілі
«Спортты, әсіресе балалар мен жастар арасында кеңінен насихаттау – ұлт денсаулығының кепілі»,– деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында, деп хабарлайды Egemen.kz.