Күн
Қазақстан • 25 Сәуір, 2025
«Батырларға тағзым» - Соғыс ардагерлеріне арналған онлайн-портал іске қосылды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық майдангерлерді еске алу мақсатында «Батырларға тағзым» (batyrlarga-tagzym.kz) атты онлайн-порталды іске қосты. Жобаның мақсаты – соғыста ерлік көрсеткен азаматтар туралы болашақ ұрпаққа құнды ақпарат жеткізу, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 25 Сәуір, 2025
Астанада Қазақстан халқының бірлігі күні қандай шаралар өтеді
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Елорда әкімдігі мереке күні зияткерлік викториналар мен көрмелерден бастап түрлі концерттер мен жарыстарға дейін ондаған мәдени-спорттық іс-шара өтетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2025
Мамырда Қазақстан халқы қанша күн демалады?
2025 жылдың мамыр айындағы мереке күндері мен демалыс күндерін ескерсек, қазақстандықтар 12 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Сәуір, 2025
Мәжіліс төрағасы «Жыл кітабы» марапатын табыстады
Бүгін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлттық кітап күні аясында өткен «Ұлттық кітап» байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2025
Ең танымал отандық 100 кітап сауалнамасы басталды
23 сәуір - Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні атап өтіліп жатыр. Бұл күн былтырғы жылы Мемлекет басшысының бастамасымен Ұлттық құрылтайда бекітілді. Президенттің айтуынша, кітап - ұлттың интеллектуалдық және мәдени прогресінің негізі. Сондықтан, елдегі әдеби мұраны сақтау және дамыту мақсатында отандық авторлардың 100 ең танымал кітабы туралы жалпыұлттық сауалнама жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Сәуір, 2025
Президент қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
Биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 23 Сәуір, 2025
Бүгін елімізде алғаш рет кітап күні атап өтіледі
Бүгін, 23 сәуірде Қазақстанда алғаш рет маңызды мәдени мереке - Ұлттық кітап күні ресми түрде мерекеленеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2025
Қонаевта күрделі жөндеуден кейін кітапхана пайдалануға берілді
Заманауи талапқа сай жөндеуден өткен кітапхана «Ұлттық кітап күні» мерекесі аясында оқырман игілігіне берілді, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 20 Сәуір, 2025
Жараланған жауынгерлер Солтүстік Қазақстанда да емделген
ІІ Дүниежүзілік соғыс жылдарында Солтүстік Қазақстан облысының аумағында эвакуцияланған алты госпиталь орналастырылған. Петропавл қаласындағы қазіргі Ғабит Мүсірепов көшесіндегі зиратта сол госпитальдарға жеткізілген 447 қызыләскер ауыр жарадан қаза тауып, жерленген. Олардың басына аты-жөндері жазылған белгілер орнатылған.
Мәдениет • 18 Сәуір, 2025
Ереванда Қазақстанның мәдени күндері басталды
Бүгін Ереванда Армениядағы Қазақстанның мәдени күндері басталды. Бірлескен іс-шараларды өткізу Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ереванға жасаған ресми сапары барысында мемлекет басшылары қол жеткізген келісімдердің нәтижесінде мүмкін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 18 Сәуір, 2025
Қорғаныс министрі парадқа дайындықты тексерді
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге дайындық жүріп жатқан индустриалды қалашық пен далалық лагерьде болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2025
Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына орай отансүйгіштік, мәдени, әлеуметтік және ақпараттық бағытты қамтитын 200-ден аса іс-шара ұйымдастырылып, өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2025
Ғашықтар күнінде 22 жұп некелесті
15 сәуір – Ғашықтар күні Ақтөбеде 22 жұп шаңырақ көтерді деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2025
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде Жеңістің 80 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Әлия — қаһармандық дастаны» атты тақырыптық экскурсия мен деректі фильмдер көрсетілімі өтті.
Мәдениет • 14 Сәуір, 2025
Ереванда Қазақстанның мәдени күндері өтеді
18-19 сәуір күндері Ереван қаласы қазақ мәдениетінің орталығына айналады. Армения астанасында Қазақстан Республикасының Мәдениет күндері өтеді. Екі күнге созылатын ауқымды шарада еліміздің өнері мен мәдениеті кеңінен таныстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2025
Батырлардың есімдері ұмытылмайды
Петропавлдағы «Абылай хан резиденциясы» музей-кешенінің ұйымдастыруымен Райымбек батырдың 320 жылдығына арналған «Қазақ елдігін сақтап қалудағы батырлардың рөлі» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция болып өтті.
Алматы • 12 Сәуір, 2025
Алматыда «Жеңіс тарихы» челленджі жүріп жатыр
Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Менің Жеңіс тарихым» челленджі жүріп жатыр. Онлайн-акцияға мектеп оқушылары, жастар мен алматылықтар белсенді үн қосуда.
Мәдениет • 11 Сәуір, 2025
Францияда Шымкент күндері аталып өтті
Қазақстанның Франциядағы Елшілігі мен Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен француз елінде Шымкент қаласының күндері аталып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 07 Сәуір, 2025
Дәрігерлер АИТВ-ның алдын алу жөнінде кеңес берді
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Ақтөбе облыстық орталығы» мекемесінің мамандары адам иммун тапшылығы вирусының алдын алу жөнінде сауда орындарында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 07 Сәуір, 2025
Бүгін дүниежүзілік денсаулық сақтау күні
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл күн әлемдік қауымдастықтардың назарын денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерге аударуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 06 Сәуір, 2025
Елімізде Геолог күні атап өтіліп жатыр
Бұл жер қойнауын жетік меңгерген мамандардың төл мерекесі, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Марапат • 03 Сәуір, 2025
Геолог күніне орай Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде ардагерлер мен саланың үздік мамандарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2025
Мегаполисте жастарға арналған мансап күндері басталды
Алматыда жастар саясаты басқармасының қолдауымен іске асырылып жатқан «Жастарға арналған жалпықалалық мансап күндері» ауқымды жобасы басталды. Осынау бастама – жас мамандарға жұмыс табуға, кәсіби дағдыларын дамытып, әлеуетті жұмыс берушілермен байланыс орнатуға көмектесуді көздейді.
Әлем • 31 Наурыз, 2025
Мьянмада бір апталық ұлттық аза тұту жарияланды
Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайн жер сілкінісі салдарынан 1700-ден астам адамның қаза болуына байланысты 31 наурыз бен 6 сәуір аралығында ұлттық аза тұту күнін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Наурыз, 2025
Сирек құбылыс: Жер бетінде Күн тұтылды
29 наурызда Еуропа, батыс Африка, солтүстік Азия мен Солтүстік Американың шығыс бөлігінің тұрғындары сирек кездесетін астрономиялық құбылыс – жартылай күн тұтылуының куәсі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Наурыз, 2025
Сенбіде Еуропа, Батыс Африка, Солтүстік Азия, сондай-ақ АҚШ-тың солтүстік-шығысы мен Канаданың шығыс бөлігіндегі тұрғындар күннің жартылай тұтылуын тамашалай алады, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Театр • 27 Наурыз, 2025
Театр туралы тұлғалар түйген ой
27 наурыз әлемде дүниежүзілік театр күні аталып өтіледі. Өмірдің өзі сахнада жанды сурет болып өрілетін театр - өнердің биік шыңы, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Наурыз, 2025
«Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі кімдерге беріледі?
Мемлекет басшысы «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі туралы» Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Туризм • 26 Наурыз, 2025
Мереке күндері Бурабай курортына 40 мың адам барған
Наурыздың 21-25 күндері аралығында «Бурабай» ұлттық паркіне кіреберістегі бақылау-өткізу бекеттері арқылы шамамен 40 мың адам және 11 910 автокөлік өтті. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Наурыз, 2025
Майдангер қаламгерге құрмет көрсетті
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің оқытушылары ҰОС ардагері, ардагер журналист Мүтәліп Ережепбаевпен кездесіп, ғасыр жасаған ардагердің ақ батасын алды, деп хабарлайды Egemen.kz