кен
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Мұрат Әйтенов эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға барын салуда
Соңғы аптада Шымкент қаласында ЖРВИ-мен қатар (ОРВИ) пневмония індеті асқынып кетті. Салдарынан шаһардағы ауруханаларда науқастар шамадан тыс артты. Ал, дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы орын алды. Жанына шипа іздеген тұрғындар үлкенді-кішілі дәріхана алдында ұзан-сонар кезекке тұрды. Міне осы төтенше жағдай кезінде бағаның күрт өсіп кетуінің алдын алу мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен шұғыл топ құрылды. Әрі Шымкенттегі дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығын бақылауға көшті. Арнайы топ бірқатар дәрі дүкендерінің бағаны заңсыз көтергендігін анықтап, тиісті шара көрді. Атқарылған жұмыстар туралы қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы тікелей эфир арқылы тұрғындарға есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Шілде, 2020
Ташкентте отбасы бір күнде 3 рет үйлену тойын өткізді
Ташкентте шақырылатын қонақтың лимитінен асып кетпеу үшін, отбасы бір күнде үш рет той өткізген. Жалпы тойға шақырылатын қонақтардың саны 30-дан аспауы тиіс. Бұл туралы Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрі Әлішер Шодмонов хабарлайды, – деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 07 Шілде, 2020
Шымкентте дәріханаларға мониторинг жұмыстарын жүргізу күшейтілді
Шымкентте дәріханалардың жұмысына мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар дәріханаларда болып, дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін шешу бойынша мониторинг жұмыстарын өзі бақылады.
Аймақтар • 07 Шілде, 2020
Шымкентте тегін берілетін дәрі-дәрмекті сатқан
Шымкент қаласында дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен заңсыз сатудың онға жуық жайты анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аймақтар • 05 Шілде, 2020
Қарағандының азық-түлік дүкендерінде қаптаған жұрт...
Бүгін кеншілер астанасындағы ірі супермаркеттердің алдында тұтынушылардың ұзын-сонар кезекте тұрғаны байқалды. Екі апталық карантин тұрғындар арасында дүрбелең тудырып, жұрт азық-түліктің мол қорын қамтып қалмаққа дүкендерге жапа-тармағай жүгірген болса керек, – деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 04 Шілде, 2020
Шымкент қаласының әкімі уәдесін орындады
Шымкент қаласында 1 шілде күні "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" салымшылары баспана бойынша мəселе көтерген болатын. Қала басшысы М.Əйтенов тұрғындардың бұл шағымына назар аударып, аталған жайт екі күн ішінде шешілетінін жеткізген еді. Қала əкімінің бұл уəдесі орындалып, бүгін салымшылар қуанышқа кенелді, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 04 Шілде, 2020
Елорда күні қарсаңында Шымкентте 9 инвестициялық жоба іске қосылды
Елорда күні мерекесі қарсаңында Шымкент қаласында 9 инвестициялық өндіріс орны іске қосылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн режимде қатысты, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 03 Шілде, 2020
Алматы облысында зейнеткерді соққыға жыққан ер адам ұсталды
Алматы облысы, Жаркент қаласының тұрғыны 77 жастағы қарт әйелді үйіне түн ауғанда баса-көктеп кіріп соққыға жыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Шілде, 2020
Ұшақта темекі шеккен әйелге айыппұл салынды
Ұшақта темекі шеккені үшін 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлем • 02 Шілде, 2020
Бүгін Apple компаниясы тағы 30 дүкенін жабады
Apple компаниясы бірнеше штаттағы аурулар санының күрт өсуіне байланысты АҚШ-тағы 30-дан астам дүкенді қайта жабады, нәтижесінде жабық дүкендердің жалпы саны 77-ге дейін артады. Бұл туралы Bloomberg хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 01 Шілде, 2020
Мұрат Әйтенов инфекциялық госпиталь жұмысымен танысты
Жұқпалы аурулар орталығының жұмысымен танысу барысында Мұрат Дүйсенбекұлына қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Рустам Албаев госпитальдегі қазіргі жағдайды баяндады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Шілде, 2020
Мұрат Әйтенов фарм компания басшыларымен кездесті
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қаладағы фарм компания басшыларымен жиын өткізді. Дәрі өндірушілер, дәріханалық қойма басшылары, аптека желілерінің директорлары қатысқан жиын барысында шаһардағы дәрі-дәрмек төңірегінде қалыптасқан мәселе кеңінен сөз болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Маусым, 2020
Шымкентте тұрғындарға көмек көрсететін iKomek орталығы ашылды
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес iKomek орталығы ашылды. Орталық күндіз-түні тұрғындардың қоңырауларына жауап береді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Маусым, 2020
Шымкентте жұқпалы ауруларға шалдыққан науқастарға орын жеткілікті
Шымкент қаласында инфекциялық дертке шалдыққан науқастарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында Жеңіл атлетикалық спорт кешенінен провизорлы 150 орын дайындалды. Мұндай провизорлы орындар алдағы уақытта да ашылатынын Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов айтып өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 29 Маусым, 2020
Атырауда облыстық құрылыс басқармасының басшысы тағайындалды
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен облыстық құрылыс басқармасының басшысы болып Тимур Кенжебайұлы Басаров іске кірісті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Маусым, 2020
Қарағандыда журналист Мартбек Тоқмырзаға ескерткіш тақта орнатылды
Кеншілер астанасында Бұқаралық ақпарат құралдары күні мерекесінде қоғам белсенділері тағылымды іс тындырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 27 Маусым, 2020
Қазақстандағы электронды сауда нарығының көлемі 20 есе өсті
Lamoda сарапшыларының айтуынша, интернеттегі сатып алулардың орташа мөлшері 30-35% өсті. Бұл туралы кеше Алматыда интернет дүкен желілері өкілдерімен кездесуде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 27 Маусым, 2020
Алматыда Әуезовтің қайтқан күнін еске алды
Ұлы жазушы мәңгілік дамылдап жатқан Райымбек даңғылы бойындағы ескі зиратқа кезінде Абайдың сүйікті ұлы Әбдрахманның сүйегі аманатқа қойылғанын ешкім біле бермейді. Мұхаңмен бірге мұнда Қаныш Сатпаев, Шәкен Айманов, Ілияс Омаров, Күләш Байсейітова, Қасым Аманжоловтардың да жүрегі мәңгі тыныстап жатыр, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 27 Маусым, 2020
М.Әйтенов эпидемиялық жағдайға байланысты түсініктеме берді
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиялық жағдайға байланысты брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рустам Албаев, қалалық Жедел жәрдем көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Оспанова және жедел жәрдем дәрігері Арман Хамзин қатысты, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 26 Маусым, 2020
Елімізде тау-кен металлургия саласында қосымша мамандықтар даярланады
Бүгінгі күні Қазақстанда еңбек нарығын өзгертетін негізгі технологиялық трендтер мен технологиялар талданатын Жаңа кәсіптер мен құзыреттіліктер атласы әзірленіп жатыр. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Медицина • 26 Маусым, 2020
Дәрі-дәрмектің бағасын көтерген шымкенттіктерге айыппұл салынады
Шымкент қаласы әкімдігінде қалада инфекциялық аурулардың көбеюіне байланысты халыққа дәрі-дәрмек қаншалықты қолжетімді болып жатқандығы жөнінде қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ләззат Қашқынбаева және Шымкент қаласы бойынша Фармацефтика қауымдастығының төрайымы Хадиша Әлжанова БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат берді, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 26 Маусым, 2020
Шымкентте дәрі-дәрмек қоры жеткілікті
Бұл туралы Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ләззат Қашқынбаева БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты кезінде айтты, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 25 Маусым, 2020
Полицейлер үш жасар қызды анасымен қауыштырды
Шымкент қаласында адасып қалған үш жасар қызды полицейлер дер кезінде жолда жүргенін байқап, әкесіне тапсырды, - деп хабарлады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Маусым, 2020
Шымкенттік дәрігерлер коронавирус жұқтырмаудың жолын көрсетті
Коронавирус індеті қазіргі кезде өршіп, халыққа аса қатер төндіріп тұрғаны көпшілікке аян. Тіпті карантин мерзімін бірнеше рет созуға тура келді. Соған қарамастан аталған вирус соңғы кезде тіпті қатты белең алуда. Бұл көбіне жұртшылықтың карантин режимдерін қатаң әрі дұрыс сақтамауынан болып отыр. Осыған байланысты дәрігерлер коронавирустың алдын алу жолдарын онлайн түсіндіруде, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 25 Маусым, 2020
М. Әшімбаев Сенаттың өткен сессиядағы жұмысын қорытындылады
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палатаның өткен сессиядағы жұмысын қорытындылады. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, өткен сессияда Парламент ел игілігіне қызмет ететін бірқатар маңызды заңдар қабылдады. Бұл туралы Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Аймақтар • 25 Маусым, 2020
Қала көшелерінде мотокөлікпен жүрудің тәртібі түсіндірілді
Шымкентте 18-25 маусым аралығында қалалық полиция департаменті "Мотокөлік" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Ондағы мақсат – мотокөлік жүргізушілерінің тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
Шымкенттік оқушылар жасаған глобус КИнЭС-2020 рекордтар кітабына енді
Шымкенттегі №90 жалпы орта білім беретін мектепте жаңалыққа жаны құштар жас жеткіншектер жетерлік. Жуырда сол талапты оқушылар мектеп дәлізіне жер шарының үлгісі – алып глобус жасап шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
Шымкентте 11 байланыс стансасы орнатылады
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қаланы сапалы интернетпен қамту мәселелері бойынша "Қазақтелеком", "ТрансТелеКом" АҚ директорлары және ұялы байланыс операторларымен кезекті онлайн жиналыс өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Шымкенттіктер "Халық алғысы" медалімен марапатталды
Шымкент қаласында коронавирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен 10 адам "Халық алғысы" медаліне лайық деп танылды. Ондықтың қатарында полицейлер мен дәрігерлер, кәсіпкерлер мен еріктілер бар.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Шымкентте мал шаруашылығын дамытуда 7 жоба жүзеге асырылуда
Шымкент қаласында мал шаруашылығы өнімдерін арттыру мақсатында жалпы сомасы 2,3 млрд теңгені құрайтын 7 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, - деп жазады Egemen.kz