ат
Технология • 23 Маусым, 2025
Ақаралда байланыс іске қосылды
Мемлекет басшысының қала мен аудан орталықтарын ғана емес, шалғай ауылдарды да кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Айта кетсек, жуықта Зайсан ауданы, Ақарал ауылында «Кар-Тел» ЖШС-нің ұялы байланыс базалық стансасы іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Маусым, 2025
«Атырау» футбол клубының бас жаттықтырушысы тағайындалды
Енді «Атырау» футбол клубын бұрынғы бас жаттықтырушы Виталий Жуковский қайта жаттықтырады, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 23 Маусым, 2025
Атырауда жергілікті қамтуды дамыту және өндірушілерді қолдау бойынша B2B-кездесулер өтті
ҚР Энергетика министрлігінің ірі мұнай-газ жобаларында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған жүйелі жұмысы аясында 16–18 маусым күндері Атырау қаласында B2B-кездесулер циклі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 23 Маусым, 2025
Отандық кардиологиялық медицинаның жаңа серпілісі
Алматы қаласында «Қалқамандағы аурухана» деген атаумен танымал №7 қалалық клиникалық ауруханасында медицинаның озық жетістігі саналатын электродсыз кардиостимулятор салына бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 23 Маусым, 2025
«Айбын-2025» халықаралық әскери жиыны басталды
Әскери-патриоттық жастар жиыны Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Сарыжар елдімекеніндегі Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының полигонында өтіп жатыр. Оған Қазақстанның әр аймағынан және Әзербайжан, Беларусь, Ресей Федерациясы, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 800-ден астам қыздар мен жігіттер қатысуда. Жиынға алғаш рет Қытайдан бақылаушылар да келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Маусым, 2025
Ел тыныштығы үшін еңбек еткендер марапатталды
Мемлекет басшысы қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау жолында ерлік пен жанқиярлық танытқан азаматтарды марапаттады. Президенттің Жарлығымен бірқатар қызметкерлерге ордендер мен алғыстар табысталды. Олардың қатарында өз өмірін қауіпке тігіп, өзгелерді құтқарған батырлар, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті нығайтуға белсенді үлес қосқан ардагерлер мен отбасылар бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2025
Алматы облысында қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеген
Алматы облысында өңір әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиын барысында 2025 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы қаралып, құқықтық тәртіпті нығайту, қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және алдын алу шараларының басым бағыттары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Маусым, 2025
Оңтүстік Корея Президенті НАТО саммитіне қатысудан бас тартты
Оңтүстік Корея Президенті Ли Чжэ Мён биыл Нидерландта өтетін НАТО саммитіне қатысудан бас тартты. Бұл шешім ел ішіндегі өзекті мәселелер мен Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 23 Маусым, 2025
Екі облыста фермерлік далалық мектептер ашылады
GCP/KAZ/005/GFF жобасы – «Қазақстанда климаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету және жайылымдарды қалпына келтіру үшін агроорманмелиорация» шеңберінде Алматы және Ақтөбе облыстарында фермерлік далалық мектептер құрылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 23 Маусым, 2025
Ақсу қаласы дауылдан кейін қалпына келтіріліп жатыр
19 маусым күні Павлодар облысының Ақсу қаласында соққан күшті дауылдан кейін қаланы қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Маусым, 2025
Астана маңында апатқа ұшыраған ұшақ кімге тиесілі
Астана маңындағы Жоламан аэродромында апатқа ұшыраған жеңіл моторлы ұшақ «Авиациялық оқу орталығының» меншігі емес. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2025
Павлодар тас жолдарында көлік апаты жиілей түскен
Ертіс-Баян өңірінде жыл басынан 384 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 25 адам жазатайым жағдайда мерт болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 23 Маусым, 2025
Колледждерде студенттерді халықаралық сертификаттау басталды
Қазақстанда алғаш рет техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері халықаралық деңгейде кәсіби құзыреттерін растай бастады. Бұл бастама Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қолға алынып, білім алушылардың нақты дағдыларын мойындаудың жаңа құралы ретінде енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Маусым, 2025
«Атырау» футбол клубынан 8 ойыншы кетеді
Футбол клубының бас менеджері Дидар Сыдықбектің айтуынша, дүйсенбіде жаңа ойыншылар таныстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 22 Маусым, 2025
Алматыда тері күтіміне арналған шеберлік сабағы өтті
Алматы қаласындағы Жетісу комьюнити орталығында әйелдерге арналған «SkinCare» атты шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Іс-шара бет терісіне күнделікті күтім жасаудың тиімді тәсілдерін үйретуге бағытталды. Шараға тәжірибелі косметолог Қарлығаш Темірбаева арнайы шақырылды, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 22 Маусым, 2025
Жайық өзеніне 2,1 млн бекіре тұқымдас балықтардың шабағы жіберілді
Балық шаруашылығы комитетінің мәліметінше, бағалы балықтардың шабағы Атырау бекіре зауытында өсірілген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2025
Атырау тұрғынынан материалдық залал үшін 2,2 млн теңге өндірілді
Атырау тұрғыны жол-көлік оқиғасының салдарынан келтірілген материалдық залал үшін 2,2 млн теңге төлейді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 22 Маусым, 2025
«Атырау» футбол клубының бас жаттықтырушысы қызметінен кетті
«Атырау» футбол клубының бас менеджері Дидар Сыдықбектің дерегіне сүйенсек, енді бас жаттықтырушының міндетін атқару Нұрғазы Хайруллинге жүктелген, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 21 Маусым, 2025
Алматы тауларындағы мұздақ көлдер қазір қаншалықты қауіпті
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды таулы аймақтағы мұздақ көлдер мен селден қорғау шараларын тікұшақпен шолып шықты, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 21 Маусым, 2025
Бизнеске қысым: АлЭС-ке айыппұл салынды
Алматы қаласының Индустриялық аймағында қызмет жүргізетін нарық субъектілерінің құқықтарын қорғау мақсатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті «Алматы электр станциялары» АҚ энергия өндіруші ұйымына қатысты үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша тергеп-тексеру жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 20 Маусым, 2025
Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл ауданында орналасқан Еңбек ауылы аймақта «ішімдіктен бас тартқан» 18 ауыл болып жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 20 Маусым, 2025
Дала күнінде көміртекті және органикалық егіншілікті дамыту мәселелері талқыланды
Алматы облысының Қарасай ауданында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен «Егінжай күні» ұйымдастырылды. Шара Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында өтті. Бұл – билік, ғылым, аграрлық сектор мен халықаралық ұйым өкілдері бас қосқан маңызды диалог алаңы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Маусым, 2025
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Белқарағай ауылында тұратын кәсіпкер Бауыржан Уалханов туған жерінде туризмді дамытуды қолға алған. Ол «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5% жеңілдікпен 8,7 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, шағын қонақ үй ашқан, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Маусым, 2025
Алматыда кәріз жүйелерін тартатын мердігерге қатаң талап қойылды
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Алмалы ауданындағы Түркебаев көшесінде Кіші Абай көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейінгі аралықта жүргізіліп жатқан кәріз желілерінің құрылысы барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 20 Маусым, 2025
Жер қойнауы жаңа ережемен игеріледі
Кен байлығы шектеулі болған сайын, оны ұтымды игеру мен орнықты толықтырудың маңызы арта түседі. Еліміз осы үдерісті жаңа модельдер мен заманауи құралдар арқылы басқаруға кірісті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Маусым, 2025
Садақшылар 2 алтын медаль жеңіп алды
Сингапурде садақ атудан Азия кубогі кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 20 Маусым, 2025
Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті
6 маусым күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Наурызбай ауданы әкімдігінің қолдауымен, Human Resources Kazakhstan жеке мекемесінің және Наурызбай ауданы демалыс орталықтарының ұйымдастыруымен «Наурызбай Fest» атты ауқымды мерекелік фестиваль өткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2025
Атырау – Дубай бағыты бойынша рейс уақытша тоқтатылады
Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Атыраудан Дубайға бағытталған рейстерді уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 20 Маусым, 2025
Студенттердің стартаптары таныстырылды
Әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Farabi HUB инновациялық даму орталығында TusPark Business Incubator Co. бизнес‑инкубаторы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2025
Реформалардың мәні – 3: ХХІ ғасырдағы ұлттың жаңа сапасы
«Біз бұған дейінгі мақаламызда ХХІ ғасыр адамзат үшін шын мәнінде енді ғана, яғни ширек ғасыр өткеннен кейін басталғанын айтқан едік. Оның басты белгісі өткен жүзжылдықтың екінші жартысында қалыптасқан іргелі геосаяси негіздер тепе-теңдігінің бұзылуы болды. Сол кезде біз Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жаңа дәуірдің сын-қатеріне төтеп беру үшін жасаған жүйелі екі қадамын талдаған едік. Оның біріншісі – саяси реформалар арқылы мемлекеттің ішкі тұрақтылығын нығайту, екіншісі – экономикалық жүйені құбылмалы әлемге бейімдеуді көздейтін экономикалық реформалар. Ал Жаңа Қазақстанның үшінші тағаны қандай болмақ?» ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Turkystan.kz сайтына жариялаған мақаласында осы мәселе төңірегінде ой қозғайды.