ара
Қоғам • 31 Тамыз, 2023
Ақмола облысының 10 тұрғыны сібір жарасын жұқтырған
Ақмола облысының 12 тұрғыны ауруханаға түсті. Дәрігерлердің айтуынша, 10 адамнан сібір жарасы анықталды, тағы 2 адамнан аталған дерттің белгілері байқалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына сілтеме жасап.
Білім • 31 Тамыз, 2023
Қызылордада екі мектептің жанынан қосымша ғимараттар ашылды
Білім күні қарсаңында Қызылорда қаласындағы екі іргелі мектептің жанынан салынған қосымша ғимараттар пайдалануға берілді, салтанатты ашылу рәсімдеріне облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ANTIKOR • 31 Тамыз, 2023
Жетісу облысында департамент басшысы пара алған
Жетісу облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті облыстық департаменті басшысының заңсыз қызметін әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR телеграм арнасына сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Тамыз, 2023
Елордада параспортшылар арасында инклюзивті фестиваль өтті
Елордадағы Ботаникалық бақта параспортшылардың қатысуымен инклюзивті фестиваль аяқталды. Іс-шара Конституция күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Elorda.info басылымына сілтеме жасап.
Үкімет • 29 Тамыз, 2023
Әлихан Смайылов Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті
Премьер-министр Әлихан Смайылов пен ҚХР-ның Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 29 Тамыз, 2023
Шардаралық 21 спортшы әлем чемпионы атанды
Алматы қаласында армрестлингтен 44-ші әлем чемпионатының жас-жеткіншектер, жасөспірімдер және жастар арасында өткен әлемдік додада Түркістан облысына қарасты Шардара ауданының 21 спортшысы алтыннан алқа тақты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Тамыз, 2023
Жетісу облысында шенеунік әр жүк көлігінен 50 мың теңгеден алып отырған
Жетісу облысы Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 28 Тамыз, 2023
Қарағандыда әскерилер бес жасар баланы өрттен құтқарды
Қарағанды өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасының үш қызметкері жанып жатқан пәтерден бес жасар баланы құтқарып қалды. Олардың бұл әрекеті әлеуметтік желілердегі жарияланымдардан белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Тамыз, 2023
Давид Дегтярев парапауэрлифтингтен екі дүркін әлем чемпионы атанды
Біріккен Араб Әмірліктерінде парапауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы алтын жүлде жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 28 Тамыз, 2023
Қарағанды облысында көлік апатынан 3 адам көз жұмды
Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше Қарағанды облысы аумағында көлік апаты болып, салдарынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 27 Тамыз, 2023
Парламентарийлер конституциялық заңнаманы нығайту мәселесін талқылады
Конституция күні қарсаңында Парламентаризм институты мен Мәжілістің ұйымдастыруымен Мәжіліс кітапханасында «Қазақстан Республикасының конституциясы – қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың негізі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 27 Тамыз, 2023
Абылайхан Жүсіпов никарагуалық боксшыны нокаутқа жіберді
АҚШ-тың Талса қаласында никарагуалық Уистон Кампоспен шеберлік байқасқан қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов кезекті жеңіске қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 27 Тамыз, 2023
Қазақстанда кореялық Kia корпорациясымен бірлескен кәсіпорын пайда болады
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ТМД елдеріндегі Kia корпорациясының президенті Санг Гвон Джонгпен Қазақстан-Корея өнеркәсіптік ынтымақтастығын нығайту мәселелері бойынша кездесу өткізді. Тараптар бірлескен өндіріс, оқшаулауды тереңдету және Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі үшін инженерлік кадрларды даярлау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Тамыз, 2023
ІІМ Астана мен Қарағандыда арнайы операция жүргізді
Кеше Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Астана және Қарағанды қалаларының аумағында Қарағанды облысындағы криминогендік жағдайға теріс әсер ететін қылмыстық топты ұстау бойынша кең ауқымды арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 24 Тамыз, 2023
«Қандас» ақпараттық жүйесі таныстырылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше Көші-қон комитеті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі консулдық қызметтерінің өкілдеріне «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін таныстырды. Жүйе қандас мәртебесін беру мен «Ата жолы» картасын ұсыну қызметін көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Тамыз, 2023
Қазақстандық парадзюдошылар 4 медаль жеңіп алды
Ұлыбританияның Бирменгем қаласында (20-27 тамыз) IBSA Дүниежүзілік ойындарының алғашқы күнінде қазақстандық парадзюдошылар 1 алтын, 1 күміс, 2 қола, барлығы 4 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 24 Тамыз, 2023
Мәжіліс депутаты Қарақия ауданында егіншілермен кездесті
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Маңғыстау облысы Қарақия ауданында егінмен айналысатын шаруа қожалықтары иелерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz parlam.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 23 Тамыз, 2023
Қарағандылықтар әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Польшаның бас шаһары Варшавада (21–24 тамыз) грепплингтен жастар мен ересектер арасындағы әлем чемпионатында қарағандылықтар үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Тамыз, 2023
Ұялы телефон арқылы декларацияны қалай тапсырады (нұсқаулық)
Ұялы телефон арқылы декларация тапсыру жолын назарларыңызға ұсынамыз.
Қоғам • 23 Тамыз, 2023
15 қыркүйекке дейін декларация тапсырмағандарға қандай шара қолданылады
2023 жылдан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайы, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайы салық органдарына кірісі мен мүлкі туралы декларация тапсыруға міндетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 23 Тамыз, 2023
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жөнінде отырыс өтті
Премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жөніндегі ұйымдастыру комитетінің төрағасы Тамара Дүйсенова аталған ойындарға дайындық бойынша отырыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Тамыз, 2023
Қарағанды облысында Шахтер күніне арналған салтанатты іс-шаралар өткізілмейді
Қарағанды облысының әкімдігі Шахтер күніне арналған барлық салтанатты іс-шаралар шахтадағы қайғылы оқиғаға байланысты тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Тамыз, 2023
Ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарының кең ауқымы талқыланды
Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Үрімшіге сапары барысында ШҰАР парткомының хатшысы Ма Синжуймен ынтымақтастықты күшейту және туындайтын кедергілерді еңсеру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 22 Тамыз, 2023
CMC корпорациясы Қазақстанда энергетикалық жобаларды іске асыруға ниетті
Премьер-министр Әлихан Смайылов пен China National Machinery Import & Export Corporation (CMC) вице-президенті Чжао Чжэнсян энергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Байқау • 21 Тамыз, 2023
Айна Қалмағанбетова «Мейкин Азия» III Халықаралық фестивалінде жеңімпаз атанды
Қырғызстандағы Чолпон-Ата қаласында өткен «Мейкин Азия» танымал музыка орындаушылардың ІІІ Халықаралық Ыстықкөл фестивалінде К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Айна Қалмағанбетова бас жүлдені жеңіп алып, 5000 доллардың сертификатын иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Тамыз, 2023
«Қазақстан» шахтасы қасақана өртелуі мүмкін бе?
Әлеуметтік желіде «Қазақстан» шахтасындағы өрт қасақана қойылуы мүмкін деген ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 21 Тамыз, 2023
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанды
Польша мемлекетінде астрономия және астрофизика (IOAA) бойынша 16-шы халықаралық олимпиада аяқталып, оған қатысқан қазақстандық оқушылар екі медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Тамыз, 2023
Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар жүйесі тұрақты - Нұрасыл Аманкелдинов
Қазақстан бірегей тарихи-мәдени жағдайларға, қоғамдық дамудың өзіндік ерекшелігіне ие бола отырып, әлемдік қауымдастық мойындаған мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың өзіндік моделін іске асырды. Мемлекетіміздің зайырлылығы - конфессияаралық қатынастардың негізгі сипаты болып табылады. Зайырлылық моделінің негізі бойынша ар-ождан бостандығы, діни нанымдардың теңдігі, діни конфессияларға қатысты саяси биліктің бейтараптығы, тіліне және діни көзқарасына қарамастан әркімнің жеке сеніміне құрмет сақталады.
Жастар • 21 Тамыз, 2023
Семейде лудомания, нашақорлық мәселелері бойынша тренингтер өтті
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының Мемлекеттік жастар саясаты мектебі аясында ұйымдастырылуымен Семей қаласында лудомания, нашақорлық және репродуктивті денсаулық салаларында кеңес беру бойынша жастар ресурстық орталықтары қызметкерлері мен жастар ұйымдарының мамандарына арналған үш күндік оқыту тренингтері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Тамыз, 2023
Спорт күніне орай еліміздің спортшылары мен сала ардагерлері марапатталды
Спорт күніне орай, Qazaqstan ОКЗ-да еліміздің спортшыларын, сала ардагерлері мен қызметкерлерін Құрмет грамоталарымен және ведомстволық наградаларымен марапаттау рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.