П
Спорт • 04 Қазан, 2025
Қазақстандық спортшы UFC-дегі соңғы жекпе-жегін өткізеді
Веретенников пен Сориано арасындағы жекпе-жек бүгін түнде Лас-Вегастағы "Ти-Мобайл Аренада" өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қазан, 2025
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апатынан 4 адам көз жұмды
Омбы–Майқапшағай трассасында бірнеше адам көз жұмған жол апаты болды. Бұл туралы Абай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 03 Қазан, 2025
Трофи-рейдтен Қонаевта ел чемпионаты өтті
2025 жылғы спорттық күнтізбеге сай бес кезеңнен тұратын трофи-рейдтен Қазақстан чемпионаты Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында ұйымдастырылып, ақтық кезең Қапшағай жағалауында өтіп, маусым жеңімпаздарын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қазан, 2025
Артемия шаянының 7 мың тонна жұмыртқасын заңсыз өндіргендер ұсталды
Павлодар облысындағы Қалатұз көлінде артемия шаянының жұмыртқаларын заңсыз сүзіп жүрген үш азамат қолға түсті. Браконьерлер табиғатқа 83 млн теңгеден астам залал келтірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Қазан, 2025
Заң • 03 Қазан, 2025
Қостанай облысына жаңа прокурор тағайындалды
Қостанай облысы прокуратурасы ғимаратында Қостанай облысының жаңа прокуроры – 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Марат Сексембаевты ресми таныстыру рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 03 Қазан, 2025
Павлодарда ауыл тұрғындарының тісін заңсыз емдеп жүрген шетелдік анықталды
Жалған тіс дәрігерінің стоматологиялық қызмет көрсетуге қажетті құжаттары да болмаған. Полиция заңсыз медициналық қызмет көрсету дерегі бойынша әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 03 Қазан, 2025
Ерлан Қошанов Қоғамдық палатаның отырысына қатысты
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қоғамдық палата мүшелерімен кездесіп, Президенттің бастамаларын жүзеге асыру барысын және алдағы кезеңнің күн тәртібін талқылады. Іс-шараға Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 03 Қазан, 2025
Екібастұзда алаяқтық әрекеттерге қатысқан екі жасөспірім ұсталды
Қос студент SIM-карталары мен WhatsApp аккаунттарын алаяқтарға жалға беріп келген. Келтірілген жалпы шығын 12 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 03 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Нұрғиса Тілендиев ескерткішінің ашылуына орай құттықтау жолдады
Халық қаһарманы, көрнекті мәдениет және өнер қайраткері, біртуар композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай туған жері – Алматы облысы Өтеген батыр ауылында ұлы тұлғаның ескерткіші бой көтеріп, жаңа мәдениет үйі ашылды. Салтанатты іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев, қоғам және мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен өнер майталмандары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің мәліметіне сілтеме жасап.
Мектеп • 03 Қазан, 2025
Елімізде оқушыларға арналған жаңа тамақтану стандарты енгізілді
Жаңа стандарт бойынша мектеп асханаларындағы қант мөлшері 3,6 есе, ал тұз мөлшері 5 есе азаяды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қазан, 2025
Шымкент түрмесінде 655 адам рақымшылықпен босап шығуы мүмкін
Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына орай Шымкент түрмелеріндегі 655 адам рақымшылыққа іліне алады. Әзірге соттар 185 адамның арызын қараған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Қазан, 2025
Е-Sport цифрлық платформасы іске қосылады
Туризм және спорт министрлігі «Дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасы» (e-Sport) ақпараттық жүйесін іске қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған платформа спортшылар, жарыстар және спорттық нысандар туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай ақпараттық портал ретінде қызмет атқаратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді Германия бірлігі күнінің 35 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысын қабылдады
Кездесуде Қазақстан мен Халықаралық электр байланысы одағы арасында цифрлық және телекоммуникациялық технологиялар бағытындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы ОПЕК бас хатшысы Хайтам әл-Гаисты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайтам әл-Гаис әлемдік мұнай нарығының қазіргі жағдайы мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 03 Қазан, 2025
Трамп америкалықтарға 1 трлн доллар үлестіруі мүмкін
АҚШ президенті Дональд Трамп One America News телеарнасына берген сұхбатында биыл енгізілген баж салығынан түсетін табыс 1 трлн доллардан асуы ықтимал екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 03 Қазан, 2025
«Үздік жедел уәкіл - 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды
«Ішкі істер министрлігінде мәресіне жеткен «Үздік жедел уәкіл» республикалық байқауына барлық өңірден жедел бөліністердің қызметкерлері қатысты. Осындай байқаулар жеке құрамды ынталандырып қана қоймай, қызмет сапасын арттыруға да ықпал ететіні сөзсіз, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 03 Қазан, 2025
Олжас Бектенов пен Мажарстан Президенті экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Үкімет басшысы Олжас Бектенов пен Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келіссөздер барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жоспарларын талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Тарих • 03 Қазан, 2025
Жамбыл Артықбаев: Дәйексіз дақпыртты тарихқа енгізу – ғылымға жасалған қиянат
Тарих – тек өткенді баяндау емес, ол халықтың болмысын, ұлттық санасын айқындайтын іргелі ғылым. Алайда соңғы жылдары тарихты, шынайы деректі бұрмалайтын тенденция пайда болды. Осы орайда кәсіби тарихшылар қоғамда тарихи мифтерге тосқауыл қоюдың жолын қарастыруға шақырады (Өмір Тұяқбай мақаласының ізімен).
Есірткі • 02 Қазан, 2025
Рудныйда ірі көлемде «мефедрон» сақтаған жасөспірім ұсталды
Рудный прокуратурасының үйлестіруімен Теміртау қаласының 16 жастағы тұрғыны қолға түсті. Жеке тексеру кезінде оның қалтасынан «мефедрон» салынған түйіншектер табылды, деп хабарлайды Egemen.kz прокуратураның ақпаратына сілтеме жасай отырып.
Спорт • 02 Қазан, 2025
Өзбекстан президенті қазақ балуанына пәтер сыйлады
Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзиёев жуырда ғана Хорватияның астанасы – Загребте өткен әлем чемпионатында бас жүлдені олжалаған грек-рим күресі шебері Айтжан Қалмахановқа Ташкент облысының орталығы – Нурафшан қаласынан жайлы пәтер сыйлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 02 Қазан, 2025
Қазақстан кубогінде Швейцарияның төрешілері қазылық етеді
4 қазанда Қызылордадағы «Қайсар Аренада» футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қазан, 2025
Президентке отандық AI жобалар таныстырылды
Mirai Tech мекемесі жасаған Deep-tech стартапында биомеханиканың портативті ЖИ зертханасы көрсетілді. Ақылды сенсорлы табандар мен киілетін есептеуіш құралдар спортшылар мен емделушілерді оңалтуды жеделдетеді әрі жарақаттың алдын алуға көмектеседі, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қазан, 2025
Қазақстан және Мажарстан президенттері Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді
Инновациялық кеңістік еліміздегі заманауи технологияларды дамытуға, дарынды жастарды қолдауға, AI және ІТ сектордағы перспективті жобаларды ілгерілетуге арналған. Бұл экономикадағы цифрлық саланы жаңа деңгейге көтереді. Alem.AI Қазақстанның ғана емес, басқа да елдердің мамандарын шоғырландыратын орталық болмақ, деп жазды Ақорда.
Президент • 02 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директорын қабылдады
Кездесу барысында жасанды интеллект, цифрлық трансформация, венчурлық инвестиция, стартаптар экожүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаһандық технологиялық серіктестерді тарту салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қазан, 2025
Президент: Мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз - қазақ-мажар қатынасының алтын арқауы
Президент мәдени-гуманитарлық байланыстарды қазақ-мажар қатынасының алтын арқауы деп атады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 02 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок баспасөз брифингін өткізді
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Мажарстан президенттері БАҚ өкілдері үшін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ақорда.
Парламент • 02 Қазан, 2025
Сенатор Үкіметтен музыкалық аспап шеберлеріне кәсіби мәртебе беруді сұрады
Парламент Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі палатаның жалпы отырысында музыкалық аспап шеберлерінің түйіткілді мәселелеріне арналған депутаттық сауалын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Мажарстан Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты Қазақ елінде қарсы алу үлкен мәртебе екенін, халқымыз Мажарстан Президентін аса көрнекті мемлекет қайраткері, парасатты басшы, беделді тұлға деп қабылдайтынын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.